899

Нұр-Сұлтанда 1,6 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Экологиялық акцияға 100 мыңнан адам қатысады деп күтілуде. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Еске салайық, 26 наурыз бен 26 мамыр аралығында елордада жалпықалалық «Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» акциясы өткізіледі. Оның аясында қаланың барлық аудандарында аумақты санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру шаралары жүргізілмек. Сенбіліктер 20 сәуір мен 11 мамыр аралығында өткізілетін болады.

20 сәуірде қалалық және республикалық органдар мен ұйымдардың қатысуымен ағаштарды отырғызу науқаны өтеді деп жоспарлануда. Жалпылай алғанда, ағаштардың 1665 талы егілмек. Бұдан бөлек, газондарды ретке келтіру, ағаштарды ақтау және белгіленбеген жерлерде қалыптасқан қоқыс орындарын жою жұмыстары жүргізіледі.

Экологиялық акцияға 100 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде.

Жалпықалалық «Нұр-Сұлтан – таза әрі қауіпсіз қала» акциясының басынан елордалық кәсіпорындар, ПИК және коммуналдық қызметтері қоқыстың 1299,15 тоннасын жинап, қала сыртына шығарды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109