878

ЖЭО-1 аумағында көмір шаңын басу жүйесі орнатылды

Құрылғыны жаңғырту ЖЭО-ның аумағындағы экологиялық жағдайды және қызметкерлердің санитарлық-еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды  елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорданың жылу электр орталығы «№1 қоймасына көмірді түсірудің ТК (таспалы конвейер) №6 ст.және №8 ст. телескоптық түсіргіштері мен түсіру тораптарында шаң басу және аспирация жүйесін жаңғырту» жобасын жүзеге асырды.

«Астана-Энергия» АҚ хабарлайуынша, 2018 жылдың маусым-қыркүйегінде №6 ст. ТК, №1 және №2 станцияларда екі түсіргіш орнатылды. 2018 жылдың қазан айынан 2019 жылдың наурыз айына дейін сол конвейерге тағы екі түсіргіш орнатылды. Сонымен бірге, 2018 жылдың желтоқсанында «Астана қаласында ЖЭО-1 қайта құру. Түзету жасау» жобасы бойынша жаңадан салынған ТК-8, шаңды басудың ұқсас жүйесі бар тағы екі телескоптық түсіргіштері құрылды.


Бұл жаңашылдық ашық қоймаға түсірілген көмірді тапсыру кезінде шаңның пайда болуын айтарлықтай азайтады.

Ескірген түсіргіштерді заманауи шаңды басатын құрылғымен алмастыру  жабдықты жаңғырту аясында жүзеге асты.  Ескірген түсіргіштердің «шаңнан қорғайтын қоңырауы» болған жоқ және оны көтеру тиімді және сенімді автоматтандыру жүйесімен жүзеге асырылмады. Осының салдарынан телескоптық құбырдың төменгі бөлігі мен көмірдің үймесі арасында үнемі саңылау болды. Бұл материалдың еркін түсу аймағының пайда болуына және атмосфераға көмір шаңының бөлінуіне, сонымен қатар, көмір кесектерінің шашылуына әкелетін. Бұдан басқа, түсіргіштер шеткі төменгі қалыпта, 1,5 м қашықтықта нөлдік белгіге жетпеген, сонымен қатар қарқынды шаңдануға себеп болды.

Жаңа түсіргіштердің төменгі бөлігі «шаңнан қорғайтын қоңыраумен» жабдықталған. Оның шаң өткізбейтін «белдемшесі», яғни, шаңнан қорғайтын қоңыраулардың төменгі бөлігіне бекітілген резеңке жолақтары бар.

Шаң өткізбейтін қоңырау материал деңгейінің датчигімен жабдықталған. Ол жұмыс аймақтарында көмір шаңының шоғырлануын төмендету үшін қоңырауды көмір деңгейімен бір мезгілде автоматты және бірсарынды көтереді.


Өндірістік объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес, соқалық түсіргіштердің жабындарында сүзгіш қондырғыларын орнату қарастырылған.

Соқалы түсіргіштердің шаң өткізбейтін жабындары мен ауаны шаңнан тазартуға арналған жабын астындағы орналасқан картридж сүзгілері, енгізілетін жабдық кешенінің ажырамас бөлігі –  іске асырылатын аспирациялық қондырғылар. Олар аталған торап аумағында ауаны шаңнан тазалау үшін пайдаланылады. Сүзгілермен жұмыс істейтін аспирациялық қондырғылар ауаны тазартудың жоғары дәрежесі бар автоматты жабдық болып табылады. Осы шаң басу жүйесі ЖЭО-1 аумағында экологиялық жағдайды және ЖЭО-1 қызметкерлерінің санитарлық-еңбек жағдайларын жақсартады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109