7129

Шығыс Ильинка тұрғыны аумақты көгалдандыруда

Алғашқы жылы Аманжол Алпысбаев жүз көшет еккен. Бірақ оның тек 60-ы өніпті. Ал осы көктемде 500-ден астам көшет егілмек, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Аманжол Алпысбаев – қалалық ортаны регенерациялау басқарма бастығының орынбасары. Ағаш отырғызу – оның ермегі.

«Біздің Ильинкада ағаш өте аз. Мен өз ауламның аумағын толықтай көгалдандырдым. Содан кейін мен жол салған мердігерлердің жолдың бойына еккен көшеттерінің барлығы дерлік өліп қалғанын көрдім. Бұл көшеттердің неліктен өліп қалғаны түсінікті: ағаш талдарын екті де қойды. Ал оларды кем дегенде 3 жыл күту керек. Жол құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасында көгалдандыру да бар. Менің ойымша, ол бөлек болуы керек.  Өйткені жол салу бөлек іс. Көшет отырғызушы мен көгалдандырушы екеуі екі түрлі адам ғой», – дейді Аманжол Алпысбаев.

Аманжол екінші жыл қатарынан көгалдандыру ісімен белсенді айналысады. Біріншіден, кесінділер үйде терезе алдында ыдыстарда судың көмегімен тамыр жаяды. Содан кейін әуесқой бағбан оларды қоғамдық аулада отырғызады. Ол бұл орынды эксперименталды алаң деп атайды.

Өткен жылы ол пирамидалық теректердің жүзге жуық талын отырғызды. Олардың 60-ы ғана өніп, жуырда бүршігін жармақ.

«Бұл тек терек қана. Мен талды есепке мүлде алмаймын, ол өте өсімтал. Ауа-райы жылынған кезде, талдарды жол бойында қурап қалған ағаштардың орнына егетін боламыз. Ал қазір үйде тамырын жайып жатқан көшеттерді мына аулаға отырғызамыз», – деп түсіндірді Аманжол Алпысбаев.

Осы жылы бағбан егуге 500 көшет дайындаған. Олар балалар бөлмесіндегі терезе алдында, тағы басқа бөлмелерде тұр. Бір қарасаңыз жайқалып орман өсіп тұрғандай.

«Әрине, олардың барлығы өнбейді, бірақ көбі өсуі тиіс. Мен барлық нәрсені нөлден бастаудамын, сынақ жасаймын, қателіктер болады. Интернет арқылы оқимын, білетін адамдардан кеңес аламын. Бұл көктемде өз аулама ағаштардың жаңа түрлерін сатып алуды ойластырып отырмын, одан кейін бұтақтарды кесіп алып, оларды таратуды қалаймын. Алғашқы жылдары мен теректерге көңіл бөлдім, олар тез өседі. Көршілерімнің әсерін көргім келді: бос орын болды – қазір ағаштар өсіп келеді. Ал енді мен өзге ағаш түрлерін, әсіресе алма ағаштарын егуді ойлап отырмын. Олар әдемі гүлдейді!», – дейді ол .

Аманжол Алпысбаев өз идеяларымен көршілерін ағаш егуге тартуды көздейді.

«Өткен жылы отбасыммен жол бойында алты шағын көшет отырғыздық, ал біреу оларды кесіп алыпты. Адамдардың көзқарасын өзгерту үшін қоғамдық аумақ та біздің аумағымыз екенін бірнеше рет көрсету керек. Ол қиын. Бірақ мақсатымызға қол жеткізуге болады. Егер көршің сенің тек өз ауланды емес, жол шетін тазалап, ағаш егіп жүргеніңді көрсе, өзі де ойланады. Осы күндері бір көршіміздің ауласына ағаш егіп жатқанын көрдім».

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109