698

Елорда билігі қалалықтармен кері байланыс орнатудың заманауи форматын қолдданады

Әлеуметтік желілер қала тұрғындарының жергілікті билікпен байланысуының тиімді құралына айналды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде өзекті мәселелер бойынша тиісті мағлұмат ала алады. Мәселен, қала әкімінің орынбасары Малика Бектұрова Telegram желісіндегі каналы арқылы е-жүйесінің көмегінсіз балабақшаға жөнелтпе хатты алудың мүмкіндігі туралы ақпарат берген.

«Жеке қабылдау өткізгенде азаматтар маған балабақшаға жөнелтпе хатты электронды жүйенің көмегінсіз алу мүмкіндігіне қатысты сұрақты жиі қояды. Әлеуметтік желілерде балаларды «тез арада, кезектен тыс, еш қиындықсыз» балабақшаға орналастыру туралы хабарламалары бар парақшалар пайда болуда. Ата-аналарға «сауалнамаларды» толтыруға береді. Онда тұрғындар ЖСН-мен қоса,  өз құжаттарындағы, баланың құжаттарындағы жеке мәліметтерді көрсетуі тиіс. Өздеріне қажетті ақпаратты алған алаяқтар ата-аналардың атынан жеке кабинетке кіріп, жөнелтпе хаттарды алады», – деп жазды М. Бектұрова.  

Сондай-ақ, ол кез келген ата-ананың балабақша кезегіне қатысты ақпаратты өз құжаттарының жеке мәліметтерін белгілемей-ақ, біле алатындығын еске салды.

«Естеріңізде болсын: балабақшадағы орынды жүйенің көмегінсіз алуға болмайды. Бірдеңе түсініксіз болса, білім басқармасының көмегіне жүгініңіз немесе өз өтініміңізді бот арқылы қалдырыңыз. Біреуге ақы төлеп, жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер. Өзіңіздің ЖСН-ді бөтен азаматқа бере отырып сіз пәтеріңізде белгісіз азаматтың тіркелгенін, атыңызға телефон нөмірінің тіркелгенін немесе несиеңіздің барын біле аласыз. Өз құжаттарыңыздағы мәліметтерді алаяқтардан сақтаңыздар», – деп атап өтті Бектұрова.

Бұдан бұрын Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты елорда аудандары мен әкімдіктің құрылымдық бөлімдері басшыларының «Фейсбуктегі» парақшалары мен жеке ұялы телефондарының нөмірлерін жариялаған болатын.

Мұндай тапсырманы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов берді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109