1596

Хоккейден әлем чемпионатына билеттерді онлайн режимде және «Барыс Арена» кассасынан сатып алуға болады

Билетті сатып алу үшін жанкүйер өзі тамашалайтын ойынды, содан кейін секторды және орынды таңдайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«ҚХЛ матчтарына билеттерді сату нүктелерінде алуға болады (Барыс Арена кассасын қоса есептегенде). Билеттердің бағасы ҚХЛ маусымындағы «Барыс» матчтарының әдеттегі бағасынан аспайды», – деді 2019 жылғы Дүниежүзілік кубок ұйымдастыру комитетінің өкілі, Қазақстан хоккей федерациясының бас хатшысы Глеб Каратаев.

Қазақстан құрамасының қатысуымен өтетін матчтың билет құны 700 теңгені құрайды, басқа командалардың қатысуымен өткізілетін матчтардың құны – 400 теңге.

7 жасқа толмаған балалар тегін кіреді, бірақ оларға орын ұсынылмайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарға 2019wmia@icehockey.kz поштасы арқылы алдын ала келіім бойынша кіру тегін.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың 29 сәуірінен 5 мамырына дейін Нұр-Сұлтанда Хоккейден әлем чемпионаты өтеді (І дивизион, А тобы). Белоруссия, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея, Литва және Қазақстан құрамалары әлемдік хоккей элитасында ойнау құқына таласады.

Қазақстан ерлер арасындағы хоккейден әлем чемпионатын алғаш рет қабылдауда.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109