9012

Б.Сұлтанов елорданың жалпықалалық сенбілікке дайындығын тексерді

Экологиялық акция барысында қала аумағында емен, терек, қарағай, шырша, қайың, үйеңкі, жөке көшеттері отырғызылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін қала әкімі астананың кезекті жалпықалалық сенбілікке дайындығын тексеру үшін шаһарды аралап шықты. Бақыт Сұлтановқа көшелерге және аулаларға отырғызуға арналған көшеттер дайындалған алаңдарды көрсетті.

Қалада осындай 300-ге жуық учаске ұйымдастырылмақ. Мұнда емен, терек, қарағай, шырша, қайың, үйеңкі, жөке және басқа да ағаш түрлерінің көшеттері отырғызылады деп жоспарлануда.

Экологиялық екі айлық кезінде қалада 13 мыңға жуық ағаш отырғызылады, оның 3 мыңы 20, 21 сәуірде егілмек. Акцияға 100 мыңнан астам қала тұрғыны қатысады деп күтілуде.

«Сенбілік өтетін орындар тұрғындардың қалауы бойынша анықталды. Биыл  сенбілікке атсалысып, ағаш отырғызуға ниетті елордалықтардың қатары артқан. Адамдар, кәсіпорындар, шағын бизнес өкілдері хабарласып, аталмыш бастамаға қолдау білдіріп жатыр», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Арман Тұрлыбек.

Өз кезегінде Бақыт Сұлтанов аудан әкімдіктерінің қалалықтардың тілектеріне дер кезінде жауап беруін тапсырды.

«Тұрғындар ағаштарды өздері отырғызып, оларды күтіп-баптаса, ол ағаштар мен көшеттер өте жақсы өседі. Біздің тұрғындар белсенділік танытып, оларға қолдау көрсету керек», – деп атап өтті Сұлтанов. Бұл ретте әкім сенбілік – ерікті акция болғандықтан, оған ешкімді қатысуға мәжбүрлеудің қажеті жоқ екендігін еске салды.

«Біз таза елорда үшін» жалпықалалық сенбілік 20 сәуірде өтеді. Экологиялық акция барысында ағаш отырғызу, көгалдарды тазалау, ағаштарды әктеу, белгіленбеген жерлерде қалыптасқан қоқыс орындарын және ластанған учаскелерді жою шаралары жүзеге асырылады.

Жалпы қалалық сенбілікті өткізу кезінде қаланың барлық аудандарында ағаш отырғызу жоспарланған:

Алматы ауданында: Обаған көшесінде, Президенттік саябақта (Ш. Қалдаяқов-И.Панфилов көшелерінің қиылысы);

Байқоңыр ауданында: 69 көше;

Есіл ауданында: Ә.Бөкейхан көшесі бойынша Керей-Жәнібек хандары көшесінен бастап МЗ көпіріне дейінгі учаскеде (Арыс), Стелла учаскесінде,

Ұлы дала даңғылы бойында Ақмешіт және Түркістан көшелері арасындағы «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» аумағында;

Сарыарқа ауданында: В.Гете, Ы.Алтынсарин, І.Есенберлин көшелерінде және Көктал-2 тұрғын алабында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109