956

ӘЧ қарсаңында Қазақстан құрамасы жолдастық ойындарды өткізеді

Жерлестеріміз Белорусь және Оңтүстік Кореяның командаларына қарсы ойнайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

25 және 26 сәуірде Әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан құрамасы Белорусь және Оңтүстік Корея командаларымен жолдастық матчтар өткізетін болады.

«Бұл матчтар Әлем чемпионаты аясындағы ресми ойындар алдындағы қазақстандық команда дайындығының соңғы кезеңі болмақ», – делінген Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясының сайтында жарияланған ақпаратта.

Кездесулер «Барыс Аренада» өтеді.

Билеттер құны – 500 теңге мен 1000 теңгенің аралығында. Оларды «Барыс Аренаның» кассаларында және онлайн режимінде сатып алуға болады. Мұз айдыны аренасының кассалары күн сайын үзіліссіз және демалыссыз сағат 11:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 61-35-19.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109