2990

Су тасқыны кезеңінің басынан суды тартуға 5 мыңға жуық өтінім қабылданды

Су тасқыны жағдайын тұрақтандыру бойынша барлық жұмыстар бақылауда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюдың бірыңғай мемлекеттік жүйесіне кіретін ұйымдардан гидрометеорологиялық және гидрологиялық ақпарат алмасу жолға қойылған.

Бүгін Астана су қоймасынан су шығыны 23,61 м3/сек құрайды, толымдылығы – 412,18 млн текше метр (жобалық қуаттың 100,31%).

Наурыз айында Есіл бассейндік инспекциясы мен «Қазсушар» өкілдерінің жұмыс тобы контрреттегішті тексерді. Нысанның барлық қақпақтары мен электр механикалық жабдықтары жарамды екені анықталды. Кіреберіс жолдар қардан тазартылып, қорғау бөгетінің жотасы бойымен өту қамтамасыз етілді. Тексеруден кейін дайындық актісі жасалды.

Бүгінгі таңда контрреттегіштің нақты толымдылығы 129,07 млн текше метрді құрайды. 18 сәуірдегі жағдайға сәйкес реттеуші сыйымдылықтан су шығару – 20 м3/сек. №1 су шығарғыш арқылы өтетін Есіл өзенінің тұрмыстық шығыны – 0,5 м3/сек.

«Астана-Тазалық» ЖШС Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейін жұмыс істеп тұрған арнаны тазалау жұмыстары аяқталды.

Кіші Талдыкөл көліндегі құбырлар мен бөгеттерді түгендеу жүргізілді. Ұзындығы 200 метр учаскеде бөгеттер нығайтылды.

Мүдделі мемлекеттік органдардың Ильинка тұрғын үй алабына шығуы жүргізілді, проблемалық учаскелер мен жауапты орындаушылар белгіленген карта жасалды. Ауған кварталы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды. Жағдай бақылауда тұр. Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы ауданында Есіл өзенінен су өткізу жұмыстары жүргізілді. «Газмашаппаратуры» ауданында Кенесары көшесіндегі көпірдің өткізу құбырларын мұздан тазарту (булау) жүргізілді, шлюздер ашылды.

Қалалық су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында Нұр-Сұлтан гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген суды тарту жұмыстары жүргізілуде. 14 наурыздан бастап бүгінге дейін техниканың 28 бірлігі (8 лас мотопомпа), жеке құрамның 118 адамы жұмылдырылды, 144,075 текше метр су тартылды.

Ақмола облысының Талапкер және Қоянды кенттерінде еріген суды тартуға көмек көрсету үшін 27 наурыздан бастап үш бірлік техника, жеке құрамның тоғыз адамы жұмылдырылды, 76017 текше метр су тартылды.

Су тасқыны кезеңінің басынан су тасқынына қарсы құрылған комиссияның атына және iKomek109 қызметіне су тартуға қатысты 4915 өтінім келіп түсті, оның 3119-ы  бүгінгі таңда пысықталса, 1796-сы бойынша жұмыстар атқарылуда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109