8818

Елордада еуразиялық халықаралық кітап көрмесі өтеді

Eurasian Book Fair 2019 – еуразиялық аумақтағы ірі кітап жәрмеңкесі, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Көрме-жәрмеңке «Көрме» орталығында 24 және 27 сәуір аралығында жұмыс істейді. Биыл аталмыш шара төртінші рет өтпек.

Eurasian Book Fair 2019 көрме-жәрмеңкесіне 13 елдің 90 компаниясы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында Ресей, Әзірбайжан, Армения, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Қытай, Иран, Польша, Бельгия, Латвия, Украина сынды елдер бар.

«Фолиант», «Алматы Кітап», «Атамұра», «Мектеп», «Қазақ энциклопедиясы» сияқты Қазақстанның жетекші баспалары, «Манн, Иванов и Фербер», «Белый город», «Розовый жираф», «КомпасГид», «Самокат» сияқты ресейлік атақты баспалар қатысушылардың қатарында.

«Халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін өткізудің басты мақсаты – кітапты насихаттау, қатысушылардың әдеби мұрасын дамыту, оқырман мәдениетін қалыптастыру»,  – деп мәлімдеді «Қазмедиа орталығында» өткен брифингте ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Әбіл Жоламанов.

Оның айтуына қарағанда көрме бағдарламасында 150-ден астам іс-шара, тұсаукесерлер, әдеби экскурсиялар, поэзиялық бағдарлар, авторлармен, баспагерлермен, суретшілермен, полиграфистермен өтетін кездесулер бар.  

Көрме барысында кітаптарды баспа бағасы бойынша сатып алу мүмкіндігі қарастырылғанын айта кету керек.

Балалар үшін шеберлік сабақтары, конкурстар, «Алиса Ғажайыптар елінде» ертегісінің желісі бойынша ұйымдастырылатын интерактивті квестер, аниматорлардың қатысуымен өтетін ойын-сауық бағдарламалар қарастырылған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109