3078

Халықтың әлеуметтік әлсіз тобы қатарындағы қала тұрғындарына 1900-ге жуық пәтер беріледі

Көпбалалы аналармен кездескен елорда әкімі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі таңда үй кезегінде көпбалалы отбасылар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектігі бар жандар сияқты халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары қатарындағы 20 мың адам тұр.

«Өткен жылы бюджеттен бөлінген қаражат сай кезекте тұрғандарға 188 пәтер бөлінді. Биыл қосымша бөлінген қаражат есебінен жылдың соңына дейін 1800 - 1900 пәтер бөлінеді деп жоспарланып отыр. Енді кезек жылдам жылжитын болады», – деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен қатар, елордада көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қорғауға бағытталған бірқатар іс-шара қолға алынған. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі балаларға, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедектігі бар жандарға және олардың қамқоршыларына қоғамдық көлікте тегін жүру мүмкіндігі  беріледі. Ал көпбалалы отбасылардың 1-11 сыныпта оқитын балалары жаңа оқу жылынан бастап тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмек.

«Нұр-Сұлтан – мұндай көмек көрсететін жалғыз қала. Біз 1-4 сынып аралығында оқитын барлық балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеміз. Енді мұндай көмек көпбалалы отбасылардың мектепте оқитын барлық балаларына беріледі», –  деп түсіндірді Б. Сұлтанов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109