2505

Бас қалада «Құқықтық тәртіп» ЖАІ өткізілуде

Профилактикалық іс-шараның алғашқы күнінде елорда полицейлері 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласында 23 және 25 сәуір аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасы жүргізілуде.

Іс-шараның бір күндік қорытындысы бойынша елорда полицейлері 30-ға жуық қылмысты ашып, іздеуде жүрген 5 қылмыскер ұстады, сондай-ақ, 400-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Олардың 100-ден астамы азаматтардың алкоголь ішімдіктерін ішкені немесе қоғамдық орындарға масаң күйінде келгенімен байланысты. Сонымен қатар ұсақ бұзақылықтың 30 фактісі мен Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты  куәландыратын құжаттарсыз тұруы бойынша 100-ден астам құқықбұзушылық анықталды.

Полиция департаментінің хабарлауынша, «Құқықтық тәртіп» іс-шарасының аясында патрульдік полиция полкінің қызметкерлері  бұрын сотты болған Ақмола облысының тұрғынын «ізін суытпай» қолға түсірген. Күдіктінің пәтерден жеке мүлікті ұрламақ болғаны анықталды. Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Егер сіз белгілі бір қылмыстың куәгері болсаңыз немесе қоғамдық орындарда жасалған қылмыс және құқықбұзушылық оқиғалары туралы ақпараттан хабардар болсаңыз, Бейбітшілік көшесі, 19 мекен-жайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне хабарлауыңызды немесе 102 нөмірі бойынша қоңырау шалуыңызды сұраймыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109