3900

Бақыт Сұлтанов: әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй кезегі жылдамырақ жылжитын болады

Бүгін қала әкімі көпбалалы аналарымен кездесуде тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп хабарладықала әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданы әкімдігінде елорда әкімі көпбалалы аналармен кездесті. Кездесуге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева қатысты.

Кездесу барысында көпбалалы аналардың көбі тұрғын үй алу үшін тұрғын үй құрылысына үлескер болып кіргені белгілі болды. Алайда, қазіргі күні ол нысандардың кейбірінде құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Мысалы, «Шығыс» және «Жағалау» ТК.

«Бұл нысандар бойынша мәселе шешілуде. Біз ҚИК, ТҚЖБ, Проблемалық кредиттер қоры және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ кредиторлармен келіссөздер жүргіздік. Келісімдерге қол қойылды. Олардың кейбіреулері қазірдің өзінде мәселелерді шеше бастады. «Шығыс» пен «Жағалау» ТК бойынша жұмыс басталады», деді әкім.

Жалпы алғанда, қала басшылығының айтуынша, биылғы жылы бірқатар тұрғын үй кешендерінің құрылысын жалғастыру басталғаның айтты. Олардың ішінде - «Азбука жилья» құрылыс компаниясының алты нысаны бар.

Б. Сұлтанов сонымен қатар, бүгінгі күні үй кезегінде 20 мың адам тұрғының еске салып өтті. Оған халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына жататындар, көпбалалы аналар және мүгедектер жатады.

«Өткен жылы бюджет есебінен аталған санаттағы азаматтарға 188 пәтер бөлінді. Биылғы жылы қосымша бөлінген қаражат есебінен 1800 - 1900 пәтер беру жоспарланып отыр. Кейінгі жылдары осы көлемді екі есеге арттыруға тырысамыз. Сондықтан кезекте 5 немесе 7 мыңыншы болып тұрған адам екі, ең көп дегенде үш жылда баспанаға ие болады деп үміттенемін», деді Бақыт Сұлтанов.

Еске салайық, осындай форматтағы кездесу кеше Сарыарқа ауданының әкімдігінде өткен болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109