9243

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Елорда әкімінің өкімімен Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Марат Шоранов тағайындалды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Бүгін әкімдікте өткен кезекті отырыста Бақыт Сұлтанов Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Марат Шорановты таныстырды.

Марат Шоранов 1975 жылы 24 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Академик Б.У.Жарбосынов атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Урология ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді.; Rollins School of Public Health (Emory University) магистрі, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, медицина ғылымдарының кандидаты.

Академик Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында (Алматы), радиациялық медицина және экология ҚазҒЗИ (Семей), ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеді.

2008–2009 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту институты» РМК директоры (Алматы).

2009–2011 жылдары – Emory университетінің Клиника жобалары бойынша менеджері (Emory University, Rollins School of Public Health, Атланта, АҚШ).

2012 жыл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК экологиялық зерттеулер орталығының басшысы (Астана қаласы).

2012–2013 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» РМК бас директорының медициналық ғылым және білім жөніндегі орынбасары.

2013–2014 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Стратегиялық даму департаментінің директоры.

2014–2015 жылдары – ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры.

2015 жылы – «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ трансформация департаментінің директоры.

2016–2017 жылдары – «University Medical Center» корпоративтік қорының басқарушы директоры.

Соңғы атқарған қызметі: 2017 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Қала әкімі Марат Шорановтың жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109