2838

Елордада ШОБ нысандарын әрлеудің бірыңғай ережелері жұмыс істейді

Бекітілген жобаны сақтамағаны үшін азаматтарға әкімшілік жаза қолданылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Бірыңғай сәулет стилі – «Сәулет, құрылыс және қала құрылысы туралы» заңға сәйкес әзірленген ережелер жиынтығы. Оны жаңа ШОБ нысандарын жобалауда немесе жұмыс істеп жатқан нысандарды жөндеу кезінде басшылыққа алады.

Астанадағы көппәтерлі үйлердің бірінші қабаттарында орналасқан дүкендердің, дәріханалардың және басқа коммерциялық нысандардың кіре берісінің қалай әрленуі керектігі туралы әдістемелік көрнекі ұсыныстар 2018 жылдың 9 қарашасында сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының веб-сайтында жарияланған болатын.  

Ұсыныстарда қасбеттердің бірыңғай құрылыс сызығында орналасуы керектігі көрсетілген. Сызықтық аймақтағы қасбеттің құрылымы көшенің жалпы мәнмәтініне сай болуы керек.

Витринаны сәндік пленкамен жабу тыйым салынады. Дегенмен, қауіпсіздік үшін дүкен витринасын түнгі уақытта перфорацияланған роллетпен жабуға болады.

Белгілер 3 метр немесе 4,5 метр биіктікте көше еніне сай орналастырылуы тиіс. ШОБ объектісінің атауы фриздің шегінен асып кетпеуі керек. Дизайнға екі түс пайдалануға рұқсат етіледі. Көше атауларын және үй нөмірлерін жабуға болмайды, сонымен қатар, ғимарат қасбетінің масштабына сәйкес келмейтін жарықдиодты экрандар мен желілерді орналастыруға болмайды.

Кіру 15 см-ден жоғары емес тротуардың деңгейінде болуы керек. Сондай-ақ, пандустарды дұрыс орналастыру, мүгедектерге арналған персоналды шақыру түймелері мен лифтілерді орналастырудың жеке талаптары бар.

Фасадты тек қана табиғи материалдармен: болат, алюминий, ағаш, табиғи тас, шыны, кірпіш және үлкен форматты бетондармен әрлеу керек. Олардың түсі көшеде бар түсті мәнмәтінмен үйлесімді және материалдардың табиғи түстеріне жақын болуы керек. Сонымен қатар, қасбеттерді әрдлеуде пластикті пайдалану қатаң тыйым салынады.

«Бекітілген жобаны сақтамау әкімшілік жазаны көздейді», – деді сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының сәулет ортасын жобалау-бақылау бөлімінің басшысы Серік Әбдірахманов.

               

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109