3434

Елордада шағын футболдан халықаралық турнир өтеді

Жастар жылына арналған іс-шара Қазақстанда алыс және жақын шетелдерден келетін 30-дан астам команданың басын қоспақ, деп xабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

27-28 сәуірде «Жас Батыр» спорт кешенінде тарихи Отанына оралған және шетелде тұратын отандастар үшін шағын футболдан халықаралық турнир өтеді.

Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт комитеті мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Отандастар» қоры және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырмақ.

Жастар арасындағы турнирге Түркия, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Иран, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан  сияқты алыс және жақын шетелдерден келетін 30-дан астам команда қатысады деп күтілуде. Сондай-ақ, оған еліміздің әр аймағынан келетін командалар да қатыса алады.

Командалардың жеребесі 26 сәуірде сағат 16:00-де Қонаев көшесі, 12/1 мекенжайы бойынша орналасқан «Отандастар» қорында өтеді. Турнир 27 сәуірде сағат 09:00-де басталады. 

Өтетін орны: Конституция көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан «Жас Батыр» спорт кешені. 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109