425

ТМККК жаңа моделі туралы

Тегін медициналық көмектің кепілдік  көлемі (ТМККК) деген не?

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) - бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға берілетін медициналық көмектің көлемі.

ТМККК жаңа моделін енгізудің алғышарттары қандай?

ТМККК жаңа моделін енгізудің негізгі алғышарттары демографиялық көрсеткіштердің (өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы, халықтың жыныстық жас құрамының өзгеруі, мүгедектік пен өлімге әкеп соқтыратын созылмалы инфекциялық емес аурулардың өсуі), денсаулық сақтауға арналған шығыстардың ұлғаюы, сондай-ақ стационарлық көмекті қолданудың өсімі болып табылады.

ТМККК жаңа моделін енгізудің кезеңдері қандай?

ТМККК жаңа моделін енгізудің үш кезеңі бар:

1 кезең - 2018 жылы ТМККК оңтайландыру (диагностикалық қызметтер тізімін (БМСК, КДК), оларды қолдану шарттарын қалыптастыру, динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар тізбесін қайта қарау, БМСК деңгейінде басқаруға келмейтін ауруларды жою, әлеуметтік маңызы бар аурулар тізбесін оңтайландыру, стационарды алмастыратын көмек деңгейі үшін ұсынылатын нозологиялар, манипуляциялар және хирургиялық операциялар тізбелерін қалыптастыру);

2 кезең - МӘМС енгізе отырып, ТМККК жаңа моделі аясын кеңейту (әрбір пациентке шұғыл және шұғыл жағдайларда көмек көрсету, қоғам үшін маңызды ауруларды бақылау);

3 кезең - одан әрі дамыту (медициналық технологияларды дамытуды ескере отырып, тізбені үнемі жаңарту, ескірген технологияларды алып тастау).

ТМККК жаңа моделінің қандай артықшылықтары бар?

1) консультациялық-диагностикалық қызметтердің нақты тізбесі;

2) созылмалы науқастарға үздіксіз көмек;

3) жеке төлемдердің төмендеуі;

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде (МӘМС) азаматтарды не күтеді?

1) Қымбат тұратын зертханалық және диагностикалық қызметтер;

2) ТМККК аясынан тыс аурулар кезінде кеңейтілген дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;

3) жоспарлы емдеуге жатқызудың жоғары қолжетімділігі;

ҚР әрбір азаматы төменде көрсетілген ақпаратты есте сақтауы және білуі маңызды. Мемлекет азаматтардың барлық санаттарының бастапқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде медициналық қызметтерге тең қол жеткізуіне кепілдік береді. Олар - шұғыл және шұғыл медициналық көмек; әлеуметтік маңызды ауруларды (туберкулез, АИТВ-инфекциясы, психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы, қатерлі ісіктер), қайтымсыз мүгедектікке әкелетін негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруларды, айналадағыларға қауіпті инфекциялық ауруларды диагностикалау және емдеу.

««Ниет» отбасылық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК бас дәрігері Айнагүл Жамбурчинова

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109