865

Елордада мың түлек жастар тәжірибесінен өтеді

Бұл механизм жас мамандарға бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Бұл жоба жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері арасында өте танымал. Мәселен, өткен жылы 836 түлек тәжірибеден өткен болса, биыл 1 мың адамды қамтуды жоспарлап отырмыз. Жыл басынан халықты жұмыспен қамту орталығында 220 жұмыс берушімен жастар тәжірибесін ұйымдастыруға келісімшарт жасалды. Қаңтар айынан бастап жастар тәжірибесіне 189 түлек жіберілді», – деді Орталықтың  бөлім басшысы Наталья Борисова.

Ол тәжірибенің 6 айға созылатындығын айтты. Жұмыстың әр айы үшін жобаға қатысушыға 81 345 теңге көлемінде жалақы төленеді. Әдетте, осы кезеңде өздерін жақсы көрсететін практиканттарды жұмыс берушілер штатқа қосады. Өткен жылы аталмыш жобаға қатысушылардың 50% тәжірибеден өту орны бойынша жұмысқа орналасты.

                                                         

«Жобаға қатысушы оқуын артық дегенде үш жыл бұрын тәмамдауы, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелуі тиіс. Сондай-ақ, жасы 29 жастан аспауы керек», - деді Н.Борисова. 

Естеріңізге сала кетейік, жастар тәжірибесі – алған мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алу мақсатында оқу орындарының түлектері қатысатын еңбек қызметінің ақылы түрі.

Практика меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерде уақытша жұмыс орындарын құру жолымен ұйымдастырылады. Ол түлектердің мамандығы бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы үшін арнайы ұйымдастырылған. Жастар практикасына қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен бос жұмыс орындары пайдаланылмайды.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109