1123

Нұр-Сұлтан қаласында «Таза қала» жедел алдын алу шарасы өтуде

Полицейлер көлікті пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 611 мемлекеттік нөмірді тәркілеп, 59 көлік айып тұрағына қамауға алынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты. 

25-30 сәуір аралығында елордалық полиция департаменті кең ауқымды «Таза қала» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Оның мақсаты – қаланың көше мен жол желісінің тазалығын қамтамасыз ету.

«Іс-шара жүк көлігі жүргізушілерінің құрылыс нысандарынан қоқыс шығаруына қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Сондай-ақ, полиция департаменті тарапынан көлік құралдарының техникалық жағдайын, олардың жарамдылығын, техникалық байқаудан уақтылы өтуін бақылау жүзеге асырылуда», – деп мәлімдеді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Сымбат Шоқытаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда қоқыс тастағаны үшін 300-ге жуық жүргізуші мен құрылыс ұйымдарының лауазымды тұлғалары да жауапкершілікке тартылады.

«Жүк көлігімен инертті материалды, бетонды, сусымалы жүктерді тасуға ерекше көңіл бөлінеді. Іс-шара аясында 590-бапқа сәйкес көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 611 мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері тәркіленіп, 56 автокөлік айып тұрағына қамалды», – деп атап өтті спикер.

40-тан астам құрылыс учаскелері тексеріліп, нәтижесінде 39 хабарлама берілді.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 1300-ден астам жүргізуші мен ұйым басшылары жауапкершілікке тартылды. 

Полиция департаменті құрылыс нысандарының басшыларына санитарлық тазалықты сақтауға кеңес береді. Сондай-ақ, құрылыс нысандарының көлік жүретін бөлігіне қоқыс шығармауды қатаң тапсырды. 

           

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109