2845

Хоккей бойынша әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды

Соңғы әлем чемпионатындағы құраманың үздік шабуылдаушысы Роман Старченко жарақатына байланысты жарыста ойнай алмайды, деп хабарлайды елордалық әкімдіктің ресми сайты icehockey.kz. баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының қақпашылары Хенрик Карлссон («Барыс»), Сергей Кудрявцев («Барыс») және Артем Микушин («Бейбарыс») болды.

Құраманың қорғаушылары ретінде Даррен Диц («Барыс»), Никита Клещенко («Номад»), Алексей Маклюко («Барыс»), Леонид Метальников («Сарыарқа»), Валерий Орехов («Барыс»), Максим Семенов («Барыс»), Егор Шалапов («Барыс») шығады.

Шабуылшылар позициясында Павел Акользин («Барыс»), Әлихан Әсетов («Барыс»), Брэндон Боченски («Барыс»), Дастин Бойд («Барыс»), Талғат Жайлауов («Торпедо»), Никита Михайлис («Барыс»), Антон Некряч («Бейбарыс»), Егор Петухов («Барыс»), Евгений Рымарев («Торпедо»), Мартин Сен-Пьер («Кунь Лунь Редстар»), Антон Сагадеев («Барыс»), Аркадий Шестаков («Торпедо»), Дмитрий Шевченко («Барыс») ойнайды.

Соңғы әлем чемпионатындағы құраманың үздік шабуылдаушысы, «Барыстың» ойыншысы Роман Старченко ойынға қатыспайды. Шабуылдаушы плей-оффтың бірінші раунды барысында жарақат алып, маусымның соңына дейін шеттетілді.

Команданың бас жаттықтырушысы – Андрей Скабелка.

Топ-дивизионға жолдама алу үшін Қазақстан, Беларусь, Венгрия, Словения, Оңтүстік Корея және  Литва құрамалары жарысатынын еске саламыз.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109