3394

Елордада тұратын ҰОС ардагерлері Жеңіс күніне орай 519 мың теңгеден алады

Нұр-Сұлтанда Ұлы Отан соғысының 71 ардагері тұрады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ардагерлер және мүгедектермен жұмыс бөлімінің басшысы Гүлзада Жекебаеваның мәліметінше, Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу аясында астанада ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген жандарға жалпы сомасы 402 888,9 млн теңгені құрайтын әлеуметтік көмек қарастырылған.

«Ұлы Отан соғысының 71 қатысушысы 519 мың теңгеден алады;  Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген 332 адам 22 725 теңге (9 АЕК) алады;   соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген өзге санаттағы 3 519 адам 11 363 теңгеден (4,5 АЕК) алады», – деді Гүлзада Жекебаева.

Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар үшін коммуналдық қызметтерді төлеуге ақшалай өтемақы қарастырылған. Өтемақы 1 609 адамға беріледі. Оның жалпы сомасы 127 054 мың теңгені құрады.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген 2 700 адамды дәрімен қамтамасыз етуге жалпы сомасы 33 500 мың теңге қарастырылған. 71 адам (жалпы сомасы 1 214,5 мың теңге) мерзімді басылымдарға, моншаға және шаштараз салондарына бару үшін әлеуметтік көмек алады. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға арналған санаторий-курорттық емдеумен 395 адам қамтылады (60 830 мың теңге).

Г. Жекебаеваның айтуынша, Ауғанстаннан әскерді шығарудың 30-жылдығына орай қосымша Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысушылардың қатарынан Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге жеңілдіктер мен қосымша әлеуметтік көмек көрсетілді. 30 мың теңге көлеміндегі төлемді 1 264 адам алды. Одан бұрын 1 267 адамға 28792,6 мың теңге төленді, сондықтан интернационалист жауынгерлердің жыл сайын алған әлеуметтік көмек есебімен қоса есептегенде жалпы сомасы 52725 теңгені құрады.

Бұдан басқа, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүруге және тегін тіс протездеуге құқылы.

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109