682

ҚазАТУ студенттері суықтай сығу әдісімен дайындалатын зығыр майын шығара бастады

Елордадағы Қазақ агротехникалық университеті – майлы дақылдар саласы үшін мамандар даярлайтын Қазақстандағы жалғыз оқу орны, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Тұқымдық кептіру, май өндіру, тазарту, ағарту, дезодоризация және тағысын тағылар. Бұл процестерді студенттер тек теорияда ғана емес, іс жүзінде де зерттейді. Цех бастығы, аға оқытушы Жұлдыз Сатаева осы процесстерді өз көзіммен көру, сезіну, иісін иіскеу, құрылғылармен жұмыс істеу мүмкіндігін баға жетпес тәжірибе дейді.

«Бірінші курста көп нәрсені түсінбегендіктен маған қызықсыз сияқты болды. Ал кейін іс жүзінде бәрі қалай жүретінін көрген кезде, қызыға түстім де оқуға деген ынтам ашылды», – дейді ҚазАТУ-дың техникалық бөлімінің 2 курс студенті Аружан Мадал.

Студенттер цехта Жұлдыз Сатаева мен  технолог Тынык Камбаровтың жетекшілігімен шағын топтарға бөлініп жұмыс істейді. Мамыр айының соңында олар тәжірибе туралы есеп жазады: онда не істегенін, қандай тұқымдардығ пайдаланылғандығын көрсетуі керек. Теориялық емтиханнан да өтеді.

«Біз суықтай да және ыстықтай та сығылған май ала аламыз. Қазір суықтай сығу әдісімен зығыр майын алып жатырмыз. Өйткені ол өте пайдалы қасиеттерге ие. Біз жақында зығыр майын шығара бастадық. Біз әдетте күнбағыс, рапс, сафлора, зығыр және соя  сияқты бес түрлі майлы дақылдарды қолданамыз. Студенттер ғылыми жұмыстарды жүргізгендіктен, біз эксперимент жасап, қауын, асқабақ, күнжіт және жержаңғақ майын сығамыз», – дейді Жұлдыз Сатаева.

Тұқымдық үн ұннан жасалған өнімдерді, ал қалғаны аралас жем шығару үшін қолданылады.

Цехтің өз зертханасы бар. Жоба жетекшісінің айтуынша, тұқым мен майдың сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін қажетті жабдықтар бар: «майдың түсіне дейін қарай аламыз. Тіпті ондайды көп зауыттардың өзі жасай алмауы мүмкін».

Жыл сайын 150-ге жуық түлек азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі технологиясы кафедрасына оқуға түседі. Май өнеркәсібі үшін жыл сайын шамамен 25 маман дайындау жоспарлануда. Бұл тапшы мамандық: Жұлдыз Сатаеваның айтуына қарағанда, бұл мамандық бойынша Қазақстанның басқа оқу орындарында білім берілмейді.

                                         

«2018 жылы Қазақстан әлемдегі зығыр тұқымын өндіруде бірінші орынды иеленді. Екінші орында – Ресей, үшінші орында – Канада. Біздің өндірушілерімізге тұқым сату пайдалы. Мысалы, Қарағанды облысының «Найдоровское» шаруа қожалығы, Еуропа елдерін қоса алғанда, әлемнің 15 еліне зығыр тұқымын экспорттайды. Бірақ майлы дақылдарды өңдеуде, бізде үлкен мәселе бар. Егер 2010 жылы Қазақстанда 300-ден астам май зауыты болса, өткен жылы олардың тек 39-ы ғана қалды», - дейді аға оқытушы.

Себептері көп, Мамандардың тапшылығы да әсерін тигізбей қоймады.

Өкінішке орай, оқу шеберханасы өз өнімдерін еркін сатуға шығармайды.

«Біз өнімдерімізді сатуды мақсат етпейміз. Өндірістің басты мақсаты – студенттерді оқыту, сондықтан көлемі аз. Бізде асхана бар. Майларымызды сонда қойдық. Студенттер мен университет қызметкерлері сатып алады», – дейді аға оқытушы.

Айтпақшы, ҚазАТУ студенттері салауатты тамақтанады: техникалық факультеттің тамақ технологиялары және өңдеу өнеркәсібі кафедрасында: ет өңдеу, сүт өнімдері мен майлы дақылдардың, сондай-ақ қоғамдық тамақтандыру цехы – шағын наубайханада төрт эксперименталды өндірістік шеберхана жұмыс істейді. Тек табиғи шикізат пайдаланылатын білім беру тәжірибесі барысындағы өнімнің барлығы университеттік асханаға қойылады.  

Азық-түлік және қайта өңдеу өнеркәсібі технологиясы кафедрасы 2015 жылдың мамыр айында құрылды. Оны құрудың мақсаты – «2015-2019 жылдарға арналған Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы» мемлекеттік бағдарламасының аясында мамандар дайындау (ҚИИДМБ-2).  Мұнда «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» және «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандықтары бойынша мамандар даярланады.

ҚИИДМБ-2 аясында Дэвис қаласындағы Калифорния университетінің жетекші ғалымдарымен бірлесе отырып, «Тамақ өнімдерін өндірудің» басым бағыттары бойынша кадрларды даярлау бойынша магистрлік бағдарлама әзірленді. Калифорния университеті ғалымдарының ұсынысына  сай студенттердің өндірістің технологиялық үдерістерін ұйымдастыру мен басқаруда практикалық дағдыларын ғана емес, дипломдық және магистрлік дәрежедегі ізденіс жұмыстарын жүргізетін эксперименталды өндірістік шеберханалар құрылған.

Мәтін және сурет: Влада Гук

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109