2847

Қазақстан астанасында алма бағы отырғызылды

Бүгін Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақ аумағында алма ағаштарының көшеттерін отырғызуға қатысты.

Алма бағын отырғызу рәсіміне елорда әкімі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен елордалық ЖОО студенттері қатысты. Барлығы алма көшеттерін отырғызуға 400-ден астам адам атсалысты.

ҚР Үкіметінің басшысы Асқар Мамин бақтың аумағында отырғызылған алма ағашының сорттарымен танысты.

Естеріңізге сала кетейік, атыраулық фермер Тамила Розметова Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімі барысында елордада алма бағын отырғызуды ұсынған еді.

Елбасының тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі алма көшеттерін отырғызу үшін жер учаскесін жедел түрде әзірледі. Өз кезегінде Т.Розметова елордаға көшеттер жеткізуді ұйымдастырып, жаңа алма сортын «Nur-Sultan» деп атауды ұсынды.

Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, мұнда алма ағашының белгілі сорттары – белоруссиялық синап, белоруссиялық таңқурай, алеся, имант, фридом, надзейн, сакавита және «Nur-Sultan» жаңа сорты бар. Олар аязға төзімді әрі ұзақ сақтауға болады.

Барлығы 1 га алқапқа биіктігі 1,2-1,5 метр 800 алма ағаштары отырғызылды.

Алма бағы алғашқы жемістерін 2-3 жылдан кейін береді деп күтілуде. Ағаштарға күтім жасау үшін тамшылатып суарудың заманауи жүйелері пайдаланылатын болады.
Айта кетейік, алма бағын отырғызу Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеу аясында өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109