902

Хоккейден өтіп жатқан ӘЧ-да Қазақстан Литва құрамасын жеңді

Қазақстан құрамасы алты ұпаймен турнирлік кестеде әзірге үшінші орында тұр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше шайбалы хоккейден Әлем чемпионаты бірінші дивизионының А тобында кезекті тур ойындары аясында Қазақстан Литвамен кездесті.

Ойында есепті Қазақстан құрамасы ашты. Жеңімпаз команда сапынан Дастин Бойд, Никита Клещенко және Даррен Диц көзге түсті. Литвалықтардан жалғыз шайбаны Арвидас Домейка кіргізді.

Ойын негізінен литвалықтар аймағында өтті, бірақ ешқандай нәтиже бере алмады. Матчтың 32 минутында Никита Клещенко шайбаны қарсыластар қақпасына кіргізді. Екінші кезеңнің соңында Әлихан Әсетов ауада ұшып келе жатқан шайбаны түзетіп жіберіп соққан, бірақ ол есепке алынбады.

Үшінші кезеңнің басында литвалықтар Ханрик Карлсонның қақпасына шайба соғылды. 2:1 есебімен литвалық команданың ойыншылары өздерін сенімді сезінді. Соңғы минутта Даррен Диц мұздағы басымдықты пайдаланып шайба соғып, жеңіс сыйлады.

Қазақстан ұлттық құрамасының үздік ойыншысы Хенрик Карлссон болды.

«Маған Литвамен ойнаған ойын ұнады. Жас, агрессивті және белсенді команда. Біздің ойынымызға келетін болсақ, шабуыл жасап, сол аймақта ұзақ уақыт бойы қалып қоймасаңыз, жылдам жасалған қарсы шабуылға тап болуыңыз мүмкін. Бұл ойында жеңіске жеткеніміз жақсы болды. Бірақ соққыларды іске асыру бойынша жұмыс істеу керек», - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка.

Жеңіске қол жеткізген Қазақстан құрамасы алты ұпаймен турнирлік кестеде әзірге үшінші орында тұр. Бірінші орынды Оңтүстік Корея хоккейшілері иеленсе, екінші орынға Беларусь елінің өкілдері жайғасты.

Бүгін Қазақcтан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерімен кездеседі. Матч елорда уақыты бойынша сағат 19:30-да басталады.

           

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109