3156

Б.Сұлтанов жатақxанадағы өрттен зардап шеккендермен кездесті

Қала әкімі тиісті мекемелерге жан-жақты көмек көрсетіп, өрттің шығу себебін анықтауды тапсырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, Ж.Досмұxамедұлы көшесі, 4  мекен-жайы бойынша орналасқан жатақxанада өрт шыққан болатын.

ТЖ департаментінің мәліметі бойынша, жалын 5 қабатты жатақхананың 2-ші қабатындағы 18 шаршы метр бөлмені шарпыған. Өртке қарсы қызмет бригадасы сағат 10:39-да шақырту орнына жетті.

Өрт 11:15-те ауыздықталды. Сондай-ақ, тілсіз жаудан 26 адам зардап шегіп, оның 14-і бала екені белгілі болды (барлығы газдан уланып, ауруханаға жатқызылды). Сонымен қатар, ауруxанаға улану белгілері бар 12 ересек адам жеткізілді. Олардың төртеуі медициналық көмектен бас тартты.

«Зардап шеккендердің диагнозы – газдан улану. Қазір олардың жағдайы орташа деп бағалануд», – деп мәлімдеді әкімдікте.

Төтенше жағдай орнына қала әкімі Бақыт Сұлтанов келіп, жатақхананың тұрғындарымен кездесті. Тиісті органдарға зардап шеккендерге жан-жақты көмек көрсетіп, төтенше жағдайды тергеу жөнінде комиссия құруға тапсырма берді.

Өртті сөндіруге 14 жедел медициналық көмек бригадасы, ТЖД екі бригадасы жұмылдырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109