2396

Жатақханадағы өрттің болжамды себебі айтылды

Алдын ала болжам бойынша өрт тұрмыстық заттардың қысқа тұйықталуынан шыққан, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Өрт бүгін таңертең орын алған. Өрт туралы хабарлама «101» нөміріне 10:39-да түскен болатын.

«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар  5 қабатты жатақханада бөлменің жанып жатқанын анықтады. Ең алдымен, өрт сөндірушілер жатақхана тұрғындарын сыртқа шығарды. Өрт сөндірушілер 32 адамды, оның ішінде 28 баланы құтқарды. 350 адам жатақханадан өз бетімен сыртқа шыққан. Жалын 20 шаршы метрді шарпыды. Бөлмеде тұрмыстық заттар, сондай-ақ үйге арналған керек-жарақтар жанған. Өрт орнында сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде, өрт салдары анықталуда. Алдын ала нұсқа бойынша өрт сымдардың қысқа тұйықталуынан шығуы мүмкін», – деді қалалық ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық іс басқармасының басшысы Орал Әбдірахманов.

Оның айтуынша, өткен жылы бұл жатақханада өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуы тексерілді.

«Тексеріс сәуір айында болды. Нәтижесінде 10-нан астам бұзушылық анықталды. Негізгі ескертпелер электр желілерін орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзумен байланысты. Осы бұзушылықтарға сәйкес ПИК басшысына ескертпе нұсқаулық берілді. Бұл нысан  қайта тексерілді. Ұсынылған талаптар орындалмағандықтан мемлекеттік инспекторлар 402-ші «Ұйғарымды орындамау» бабына сәйкес материалдарды сотқа тапсырды», – деп түйіндеді ол.

Өз кезегінде қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы Аслан Жангереев медициналық көмек көрсетуге жедел жәрдемнің 14 бригадасы тартылғанын мәлімдеді. Алғашқы бригадалар оқиға орнына 4 минутта жеткен.

Барлық зардап шеккендерге көмірқышқыл газынан қалыпты улану диагнозы қойылды. Ешкімнің өміріне қауіп төнген жоқ. Барлығы медициналық көмекпен толық қамтамасыз етілді.

                                                             

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109