2744

30 жас виртуоз Денис Мацуевтың пианистер байқауына қатысады

Биыл жас пианистердің «Astana Piano Passion 2019» V Халықаралық байқауына қатысуға әлемнің 20 мемлекетінен 114 өтінім келіп түскен, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәдениет және спорт басқармасының мәліметінше, биылғы фестиваль оған тек 18 жасқа толмаған жасөспірімдердің қатысатындығымен ерекшеленеді. Шара 2013 жылдан бері қала әкімдігінің және қазіргі заманның атақты пианисті Денис Мацуевтың бірлескен бастамасымен Қазақстанның астанасында өткізіліп келеді. Биыл байқау 12-18 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.

Халықаралық қазылар алқасыының шешіміен «Astana Piano Passion 2019» жартылай финалында 30 жас талант өнер көрсетпек. Әдеттегідей, байқауға қатысуға ең көп өтінім Қазақстан (20) және Ресей (36) мемлекеттерінен қабылданған. Іріктеу қорытындысы бойынша келесі кезеңге еліміздің 4 өкілі жолдама алды. Сонымен қатар, Қытай, Австралия, Беларусь, Грузия, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Украина, АҚШ, Әзірбайжан, Болгария, Канада, Сербия, Жапония, Изралиь, Коста-Рика, Румыния, Польша, Тайвань елдерінің жас таланттары да биыл пианино өнері әлеміндегі ірі шаралардың бірінде шеберлік байқасады.

«Шынымен де, «Astana Piano Passion» Қазақстанда, елордамызда өткізілетін бірегей, жарқын әрі беделді шаралардың бірі. Мұны қазіргі заманның танымал пианисті және виртуозы Денис Мацуевтың байқауға жетекшілік ететінінен де байқауға болады. Осы байқаудың арқасында біз жаңа таланттарды анықтап, қазақ музыкасын, нақты фортепиано өнерін насихаттаймыз. Байқау ережесі бойынша қазақстандық композитордың бір шығармасын міндетті түрде орындау керек. Біз үшін бұл өте маңызды, - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов.

«Astana Piano Passion» байқауы өткізілген алты жылдың ішінде таяу және қиыр шетелдік 45 мемлекеттен оған қатысуға 400-ден аса өтінім келіп түскен. Байқау көптеген жас музыканттарға классикалық өнер әлеміне жол ашты.

Биылғы байқаудың жүлде қоры 60 мың долларды құрайды. Жас дарындардың өнерін «Astana Piano Passion» байқауының негізін қалаушылардың бірі және арт-директоры Денис Мацуев бастаған жеті мемлекеттен жиналған әлемдік классикалық музыка жұлдыздары, оқытушылар мен тәлімгерлер бағалайды. Атап айтқанда, бұл: Төлеген Мұхамеджанов (Қазақстан), Валерий Пясецкий (Ресей), Ли Минцян (Қытай), Максим Могилевский (АҚШ), Борис Петрушанский (Италия), Әмір Тебенихин (Қазақстан - Германия) және Мартин Энгстрем (Швеция).

«Astana Piano Passion-2019» байқауы аясындағы концерттер «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында өтеді. Мұнда конкурсанттар  дайындалатын болады.

Байқау өтетін күндері көрермендер үшін кіру тегін, ал, байқаудың «Салтанатты ашылу», «Жабылу» және «Өнер шеберлерінің гала-концерті» шараларына кіру ақылы. Билеттер театр кассаларында сатылады. Фестивальдің толық бағдарламасымен Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының https://madeniet-sport-astana.kz/?lang=ru сайтында танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109