980

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы екінші орынға шықты

Жерлестеріміз Оңтүстік Корея хоккейшілерін ойсырата жеңді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден өтіп жатқан 2019 жылғы Әлем чемпионаты аясындағы үшінші матчын өткізді.

Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея құрамасымен ойнады. Кездесудің 4-минутында Павел Акользин есеп ашса, алғашқы кезеңнің соңына қарай Леонид Метальников есепті еселей түсті.

Екінші кезеңде де біздің хоккейшілер басымдыққа ие болды. 30 минутта үшінші шайбаны Дмитрий Шевченко қарсыластар қақпасына кіргізді.

Үшінші кезеңде ойын тартысты өтті. 51-минутта Сангву Шин Хенрик Карлссон қақпасына шайбаны соқты. Осыдан кейін кәрістер белсенділікке ие болды. Бірнеше минуттан кейін Никита Клещенко Қазақстан құрамасының есеп айырмасын тағы арттырды.

«Жақсы ойын өтті. Кездесуге жеңіс мақсатымен шықтық. Барлығы жақсы матч өткізуге тырысты. Біз қарсылас аймақта көп ойнадық, 4 шайба кіргізілді. Екі күн қатарынан ойнадық. Ертең біз біраз демаламыз да, қайта ойынға кірісеміз. Бұл шешуші матчтардың бірі болмақ», деп атап өтті «Барыс» командасының шабуылшысы Антон Некряч.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 9 ұпай жинап, екінші орынға жайғасты. Біздің хоккейшілер келесі матчты 4 мамырда негізгі қарсыласы - Беларусь құрамасымен өткізеді.

                                                               

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109