1661

ЕҰУ студенті республикалық көркемсөз оқу байқауында елорданың намысын қорғайды

Елордада көркемсөз оқудан қалалық байқау өтті. Екі кезеңнің қорытындысы бойынша Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Айжан Алхабек жеңімпазы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында дәстүрлі көркемсөз оқу байқауы өтті. Іс-шараны Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы ұйымдастырды.

Байқауда биыл125 жылдығы атап өтілетін қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Б.Майлин, С.Сейфуллин, С.Дөнентаев, І. Жансүгіровтің, 80 жылдығы атап өтілетін Ф.Оңғарсынованың шығармалары оқылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысуға ниет білдірушілердің саны жыл сайын артып келеді.

«Көркемсөз оқу байқауы жыл сайын өтеді. Биылғы қалалық байқаудың іріктеу кезеңіне 70-ке жуық өтініш келіп түсті. Финалға 13 үміткер өтті.

Біздің мақсатымыз - мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл мәдениетінің деңгейін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау және жас таланттарды анықтау», – дейді Тілдерді дамыту және мұрағат ісі жөніндегі басқарманың бас маманы Гаухар Елембаева.

Қалалық байқаудың екі кезеңінің қорытындысы бойынша Л. Гумилев атындағы ЕҰУ студенті Айжан Алхабек жеңімпазы атанды.

Ол енді қыркүйек айында Қарағанды облысында өтетін республикалық көркемсөз шеберлерінің байқауына елорда атынан қатысатын болады.

ЕҰУ-дің тағы бір студенті - Айым Қаршыға екінші орынды иеленсе, үшінші орынды жас кәсіпкер Еркебұлан Байқасов пен студент Дәмелі Ідіріс өзара бөлісті.

Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен концерттік бағдарламамен аяқталды.

                                                                    

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109