1211

Германиялық профессор астаналық дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізді

Қалалық №2 көпбейінді аурухананың дәрігерлеріне арналған оқыту курстарын әлемнің жетекші кардиологтарының бірі, профессор Кристиан Купатт өткізді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шеберлік сабағы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Жіті миокард инфарктісі кезінде қан ағымын қалпына келтірудің эндоваскулярлық әдісі бойынша оқыту бес күн бойы өтті. Оған қалалық №2 көпбейінді аурухананың 30 маманы қатысты.

«Интервенциялық кардиохирургия» шеберлік сабағы аясында профессор коронарлық артерияларға эндоваскулярлық араласудың негізгі әдістерін көрсетті. Сондай-ақ, жіті миокард инфарктісі кезінде қан ағымын қалпына келтірудің эндоваскулярлы әдістемелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, аурухана дәрігерлері Германияда ангиография кезінде қолданылатын жабдықтармен танысты.

Сонымен қатар мастер-класс барысында Port Access инновациялық әдісі бойынша операция жасалды. Аурухана кардиохирургтарының айтуынша, операция оңалту кезеңін едәуір жеңілдетеді. Осылайша, емдеудің заманауи әдістерін енгізу отандық медицинаның дамуына жаңа серпін береді.

«Әрбір елде операция жасаудың өзіндік тәсілдері бар, сондықтан дәрігерлер үшін тәжірибе алмасу өте қажет. 

Біз мастер-класс барысында 12 операция жүргіздік. Қалалық №2 көпбейінді аурухана дәрігерлерінің жоғары кәсібилігін атап өткен жөн. Қазақстандық дәрігерлер күрделі әдістемені игеріп, тіпті дерті асқынған науқастарды аяққа көтерді. Менің Қазақстанға алғаш келуім, бірақ алдағы уақытта жиі келіп, интервенциялық кардиохирургия бағытында тәжірибе алмасқым келеді», деді профессор Кристиан Купатт.

Мастер-класс соңында профессор операциядан кейінгі науқастарды қарап шықты. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

 

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109