775

Нұр-Сұлтан қаласында көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді

Премьер-Министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Елбасының жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша қаланың көпбалалы аналарымен кездесу өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кездесуге қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, сондай-ақ ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты.

«Қалада «Балаларға мейірімді қала» атты ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда, бірақ бұл қала тек балалар үшін ғана емес, сондай-ақ, аналар, зейнеткерлер және азаматтардың басқа да санаттарына қамқор болуы қажет. Елорда өзге өңірлерге үлгі болуы керек», – деді Г.Әбдіқалықова алғы сөзінде. 

Бақыт Сұлтанов өз кезегінде, 6 ақпаннан бастап қалада осындай форматтағы 60-тан астам кездесу өтіп, оған 8 мыңнан астам адам қатысқанын атап өтті. 

«Бүгін елордада 10 мыңнан астам көпбалалы отбасы тұрады, олардың 3,5 мыңнан астамы аз қамтылған отбасылар. Елорда әкімдігінде көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдаудың 13 кешенді шарасы әзірленіп, жүзеге асырылуда. Ағымдағы бюджет аясында әлеуметтік көмекті жүзеге асыруға 5,6 млрд теңге бөлінді, 2,4 млрд теңге көлемінде қосымша қаражат алдағы бюджетті нақтылауда қаралатын болады», - деді ол.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев жалпы алғанда республика бойынша «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасын жүзеге асыруға үш жылға 2 трлн 200 млрд теңге, оның ішінде тек атаулы әлеуметтік көмек алуға 383 млрд теңге қарастырылғанын мәлімдеді. 

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова 2019-2021 жылдары елімізде 190 мектеп салынатынын, оның 19-ы елордада екенін жеткізді. Өз кезегінде 19 мектептің 14-і осы жылы, 5-уі келесі жылы салынбақ. 

«Қоянды және Қажымұқан ауылдарында үш мектептің құрылысы жүргізілуде. 2020-2021 жылдары қала шетіндегі (Тайбурыл көшесі мен Үркер шағын ауданы бойынша) құрылысқа қосымша қолдау көрсетіледі. Сондықтан да біз тапсырыстарды жеке мектептерге де орналастырамыз», - деді Шәмшидинова.

Сұрақ-жауап бөлімінде қатысушылар қоғамдық көлікте тегін жүру, көпбалалы тұрмысы төмен отбасылардан шыққан дарынды балаларды қолдау және өздерін толғандырған басқа да  сұрақтарын қойды.

Гүлшара Әбдіқалықова сұрақтарға нақты жауап берді. Сонымен қатар, ол министрліктердегі жауапты мамандарға осы мәселелерді шешуді бақылауға алуды тапсырды.

 

 

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109