1091

Елорда жастары әлем халықтарының билерін орындады

«I-qazaq» тарих және мәдени мұра орталығы мен «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің қолдауымен оқушылар мен студенттер үшін әлем халықтарының билері бойынша «Шығармашыл жастардың нәзік жағы» атты экскурс өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Шығармашылық семинарға белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, хореографтар мен оқытушылар қатысты. Олардың арасында хореограф және өнертанушы Әнуар Садықова, хореограф Ғалия Айдаболова, әнші Нұрхан Нығмет және басқалар бар.

Жастардың шығармашылық кездесуі аясында ұйымдастырушылар халық билері мен әндері мәдени мұраны сақтау құралы болуы мүмкін екенін айтты.

«Мұндай шаралардың маңызы зор. Менің ойымша, «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары бірегей әрі дұрыс бағытта. Әр жоба арқылы өз мәдениетімізге терең бойлап, оның өзіңе беймәлім тұстарын ашасың.  Ол жан дүниеңді байыта түседі. Бүгін біздің міндетіміз – бай мұраны сақтау және ұрпаққа жеткізу. Өйткені оны біздің ата-бабаларымыз өсиет етті», – деді ҚР Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты, хореограф, қазақ хореографиясын зерттеуші және насихаттаушы Анвара Садықова.

Іс-шара барысында студенттер Әлем халықтарының билерін орындады. Мұнда украин, орыс, қазақ, грузин, болгар халықтарының әуендері шырқалды. Хореограф Гүлдана Кенжетаева заманауи бидің маңызы туралы айтып, қонақтарға заманауи хореографиялық қозғалыстарды да үйретті. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109