908

Хоккейден өткен Әлем чемпионатында Қазақстан «алтын» алды

Қазақстан Ұлттық құрама командасы Әлем чемпионатының барлық ойыныңда жеңіске жетіп, алтын медальға ие болды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Кеше «Барыс Арена» мұз айдынында Қазақстан мен Венгрия командалары арасындағы кездесу өтті. Қазақстан құрамасының құрамы өзгерістерге ұшырады: жарақат салдарынан капитан Брэндон Боченски айдынға шыға алмады, ал қақпаны Сергей Кудрявцев қорғады.

Қазақстандықтардың басымдығына қарамастан бірінші кезеңде есеп ашылмады. Ал екінші кезеңнің 24-минутында Никита Михайлис есеп ашса, 41-минутта Антон Некряч көзге түсті. 45-минутта венгрлер жауап қайтарғанымен, 57-минутта Евгений Рымарев мергендігімен танылды.

«Ең алдымен, жанкүйерлерге алғыс айтамын. Матчтарда жақсы атмосфера болды. Жігіттерге жеңіске жеткені үшін рахмет. Біз жақсы ойын көрсеттік. Маусымды жақсы аяқтадық. Біз жоғарғы топ-дивизионға кіргенімізге қуаныштымыз», деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка.

Чемпионаттағы бес матчта жеңіске жетіп, 14 ұпай жиған Қазақстан командасы элиталы дивизионға жолдама алды. Сондай-ақ, турнирдің күмісін иеленген Беларусь құрамасы да жоғары дивизионға өтеді. 9 ұпай жинаған Оңтүстік Корея – үшінші орында. Төртінші орынды Словения командасы алса, Венгрия – бесінші орында. Үш ұпайы бар Литва А тобынан сырт қалды.

Осылайша, Қазақстан мен Белорусь құрамалары Швейцарияда өтетін 2020 жылғы Әлем чемпионатына қатысатын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109