2752

Отырып волейбол ойнаудан қала чемпиондары анықталды

Нұр-Сұлтан қаласында Жеңіс күніне орай ерлер мен әйелдер командаларының арасында отырып ойнаудан чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жарысқа елордалық мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мектептің 30 спортшысы қатысты.

«Осындай турнирді біз бесінші рет өткізіп отырмыз. Қостанай және Қарағанды қалаларынан бізге әдетте спортшылар келетін, осы жолы келе алмады. Алдыңғы жылы жолдастық кездесуде біздің команда бірінші орын алған болатын. Елордада отырып волейбол ойнаудан өз тарихы бар -  2016 жылы бір команда болса, қазір үш команда бар: ардагерлер, жастар және әйелдер командалары. Біздің мақсатымыз – бұл спорт түрін тек Нұр-Сұлтан қаласында ғана емес, Қазақстанда да дамыту. Мұндай жарыстар спортшыларды жігерлендіреді», – жаттықтырушы Азамат Башенеев.

Жарыс нәтижесі бойынша жастар командасы бірінші орын, ардагерлер командасы екінші, ал әйелдер командасы үшінші орынды иеленді. Барлық қатысушылар дипломдармен, ескерткіш сыйлықтармен марапатталды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109