4103

Суда серуендеу маусымы 20 мамырда басталады

Теплоходтармен  суда серуендеу маусымын ашу 20 мамырға жоспарланып отыр, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Осы суда жүзу маусымына алты жолаушы теплоходы мен екі қосалқы қайық қатысады.

Суда серуендеудің бағдары өзгерген жоқ. Көліктер Сарыарқа көпірінен «Ақорда» резиденциясына дейін жүріп өтеді. Жол ұзындығы шамамен тоғыз шақырымды құрайды.

Осы жылы кемелердің  қозғалысының кестесі де өзгермеді –  сағат 12:00-ден 21:00-ге дейін. Су көлігі тек қолайсыз ауа-райы мен қатты жел кезінде жұмыс істемейді.

«Қазіргі кезде біз кемелер өз жолдарымен бөгетсіз жүру үшін өзен арнасын тазалау бойынша жұмыстарды атқарып жатырмыз. Сонымен қатар, техника дайындалып жатыр. Себебі навигация маусымының басталуына қажетті шарт ретінде техникалық сараптамадан өту және суда жүзуге  рұқсат алу керек», - деді «ЖасНұр» МКҚК ӨШК директорының орынбасары Мұратбек Қадырбаев.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109