3269

Елордалық қоғамдық көліктерде жүргізушілердің хал-жағдайын мониторингтен өткізетін жүйе орнатылады

Мұндай жаңашылдықтың көмегімен «Астана LRT» компаниясы қоғамдық көліктің қауіпсіздігін арттырмақ, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Астана LRT» ЖШС басқарма басшысының орынбасары Бейбіт Есжанов брифинг барысында компанияның бүгінгі таңда халыққа қоғамдық көлік саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру шараларын жүргізіп жатқандығын мәлімдеді. Осылайша азаматтардан түсетін шағымдардың саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60%, қоғамдық көлік саласында жүргізушілер жасайтын құқықбұзушылықтардың саны 31,9% қысқарған. Жүргізушілер тапшылығына қатысты көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 22% төмендеді.

«Дегенмен жүргізушілер қазірдің өзінде тапшы. Бұл бүгін қоғамдық көлікте қызмет көрсетіп жүрген жүргізушілердің тез шаршауына, олардың қозғалыс кезіндегі зейінінің төмендеуіне әкеп соқтырады. Біз автопарктармен бірлесіп, аталмыш мәселені шешіп жатырмыз. Сандық технологияларды енгізу жолдары да назардан тыс қалмайды», – деді ол.

Сонымен қатар, екі автобуста пилоттық жоба аясында арнайы онлайн-мониторинг жүйесі орнатылатын болады.

«Біз пилоттық режимде екі жүйені іске қосқалы отырмыз. Олардың бірі – «Жүргізушілердің шаршауын бақылау жүйесі», екіншісі – «Айнала шолу жүйесі». Алғашқысы жүргізушінің бет қимылы, көлікті қалай басқарып келе жатқаны, оның көлікті бұдан әрі жүргізе алатындығы немесе алмайтындығына қатысты ақпаратты диспетчерге жіберуге мүмкіндік береді. Бұл жүйе әлемнің барлық елдерінде жұмыс істейді. Қауіпсіздік пен адам өмірі біз үшін ең басты фактор болғандықтан, біз оны Қазақстанда да енгізгіміз келеді»,  – деп мәлімдеді IQ global corporation LLP директорлар кеңесінің мүшесі Ерлан Какенов.

Екінші жүйе заманауи автомобильдерде кеңінен қолданылады. Ол жүргізушінің ұйықтап кетуіне жол бермейді. Жүйе жүргізушінің ұйқысы келгенін анықтаған бойда, ол дірілдеп, дыбыстық белгілер бере бастайды.

«Бұл, шындығына келгенде, қарапайым жүйе. Десек те, жолдардағы апатты жағдайлардың санын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Мұндай жүйенің арқасында көлікті басқарған адамның ұйықтап кету фактісіне орын жоқ», –  деді спикер.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109