12287

Төлемдер мен мерекелік жиынтықтар: елордалық ардагерлерге қандай құрмет көрсетіліп жатыр

Жеңіс күнін мерекелеу аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мерекелік азық-түлік пакеттері мен қосымша ақшалай төлемдерді алады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты.
9 Мамыр – бұл ардагерлер мерекесі. Осынау мереке қарсаңында барлық ұйымдар мен әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында кездесулер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Жастардың қатысуымен патриоттық шерулер, дәрістер, кездесулер және тақырыптық көрмелер өтетін болады. Елордада жалпы 100-ден астам іс-шара жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта елордада 50 мыңнан астам зейнеткер, оның ішінде Ұлы Отан соғысының 71 қатысушысы және 2817 тыл еңбеккерлері тұрады. Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу аясында соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға жалпы сомасы 402 888,9 млн. теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек қарастырылған.
Ұлы Отан соғысына қатысқан 71 адам 519 мың теңге алады; Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша 332 адам - 22 725 (9 АЕК) теңге алады; 3 519 адам - соғыс қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша тең санатқа жататын адамдар, 11 363 теңге (4,5 АЕК) алады», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы.
Соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғалар үшін коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы қарастырылған. Өтемақы жалпы сомасы 127 054 мың теңге көлемінде 1 609 адамға берілетін болады. Ұлы Отан соғысының ардагерлерін және оларға теңестірілген 2 700 адамға жалпы сомасы 33 500 мың теңге көлемінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілмек. 71 адам (жалпы сомасы 1 214,5 мың теңге) мерзімді басылымдарды, моншаға және шаштараз салондарына бару үшін әлеуметтік көмек алады. ҰОС ардагерлері мен оған теңестірілген 395 адам курорттық емдеу орындарымен (60 830 мың теңге) қамтамасыз етілітін болады. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдар қалалық жолаушылар көлігінде тегін жол жүру мен тіс емдеу жеңілдіктері құқығына ие болады.
Ұлы Жеңістің 74 жылдығын мерекелеу құрметіне елордада «Белсенді ардагер айлығы өтуде».
Акция 29 сәуір мен 29 мамыр аралығында өтеді және мүгедектердің, Ұлы Отан соғысының қатысушыларының және оларға теңестірілген адамдардың денсаулығына қоғамның назарын аударуға бағытталған. Акцияның барлық қатысушыларына бір ай бойы диагностикалық, аспаптық және зертханалық зерттеулер мен емдеу-реабилитациялық іс-шаралар кешені ұсынылады: медициналық сараптама және кеңес беру, сондай-ақ қосымша функционалдық зерттеулер, консультациялық-диагностикалық көмек, стационарлық және санаторлық емделуге квота беру қарастырылған.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, 400-ден астам ардагер мен оларға теңестірілген тұлғалар кешенді қабылдаудан өтті, олардың ішінде ҰОС 10 қатысушысы үйде қаралды.
Акцияның бірінші аптасында 286 адам психолог пен әлеуметтік қызметкерден кеңес алды. Көрсеткіштерге сәйкес, 389 ардагер мен оларға теңестірілген тұлғалар электрокардиография (ЭКГ), 216 мүгедек және ҰОС қатысушылары ультрадыбыстық (КТ) қараудан тексерілді, 5 адам компьютерлік томографиядан (КТ) өтті.
Сонымен бірге, ҰОС барлық қатысушыларына зертханалық сынақтар өткізілді. Олар қандағы қант және холестерин деңгейін тексерді. 
Нұр-Сұлтандағы соғыс ардагерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша «Ардагерлерге қамқорлық» қалалық акциясы өткізілуде, оның шеңберінде ардагерлер тұрғын үйін жақсарту және абаттандыру жұмыстары, соғыс ардагерлеріне арналған үйлерге бару, азық-түлік себеттерімен және сыйлықтармен марапаттау шаралары өтуде.
Елордалық кәсіпкерлер ҰОС қатысушыларына көмек көрсетеді. Атап айтқанда, кәсіпкерлер Ұлы Отан соғысының 25 қатысушысына пәтерлерін күрделі және жеңіл жөндеуден өткізуді мойындарына алды.
Ардагерлерге қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады және ардагерлердің өзекті мәселелерін шешу - Нұр-Сұлтан әкімдігінің қызметіндегі маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109