2963

Елордада сарбаздар басына гүл себеттерін қою рәсімі өтті

Бүгін Елорданың орталық зиратында Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттарынан қаза тапқан жауынгерлердің қабіріне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты Елорда Инфо порталына сілтеме жасап.

Іс-шараға қатысушылар қаһармандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды, одан кейін үш мәрте ауаға оқ атылды. Марқұмдардың басына қала әкімі Бақыт Сұлтановтың атынан, қалалық маслихат және ардагерлер атынан гүл себеттері қойылды. Сонымен қатар, қала тұрғындары да гүл шоқтарын қойды.

«Нұр Астана» мешітінің наиб-имамы Асқар Мұқанов пен православие шіркеуінің діни қызметкері, архимандрит Иоасаф Серкез сөз сөйлеп, аруақтардың рухына арнап дұға бағыштады.

Қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов қала әкімінің атынан қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Елордада жыл сайын 9 мамыр қарсаңында біз Ұлы Отан соғысы кезінде алған жарақаттарынан қаза тапқан жауынгерлерге құрмет көрсетеміз. Біз олардың ерліктерін, келер ұрпақ үшін бейбіт аспан сыйлағын жанқиярлық ерлігін әрдайым есте ұстауымыз керек. Мен еліміздің болашағы үшін бәрін жасаған батыр жауынгерлердің алдында басымды иемін, олардың ерліктері мен батырлықтары Отанға деген биік сүйіспеншіліктерінің көрінісі. Ардагерлерімізді және барлық азаматтарды Жеңіс күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық және бар жақсылық тілеймін», - деді қала әкімінің орынбасары Ерлан Каналимов.

Сондай-ақ, қалалық Ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңес төрағасы Сансызбай Есілов сөз сөйледі.

«Біз осы Жеңісімізді ғасырлар бойы сақтап, ата-бабамыздың қаһармандығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуіміз керек. Барлығыңызды Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын, бұл мереке бізді одан әрі бірігуге, халқымыздың рухын нығайтуы тиіс», - дейді Сансызбай Есілов.

Ардагері Олег Иванович Линник қатысушыларға қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау және қорғау қажеттігін еске салды.

«Сіздерді Ұлы Отан соғысының ардагерлері атынан Ұлы Жеңістің 74 жылдығымен құттықтағым келеді, біз соғыстың көрген жандар ретінде бейбіт өмірдің әрбір минуты қандай қымбат екендігін жақсы білеміз. Уақыт жүйрік жылдан-жылға Отан үшін, бейбіт өмір үшін жан берген ардагерлер мен тылда еңбек еткен жандардың саны азайып келеді. Біз ылғи да мемлекет тарапынан қолдау көріп келеміз. Президентімізге және бізді назардан тыс қалдырмаған жандардың барлығына алғыс айтамын», деді Ұлы Отан соғысының ардагері Олег Иванович Линник.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері жауынгерлері және «Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілері, Мемлекеттік филармонияның үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен салтанатты сап түзеп өтті.

Сондай-ақ, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері мен ауған соғысы ардагерлеріне дастархан жайылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109