2695

Елордада соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетілуде

Елордада Жеңіс күніне қарсаңында ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне на құрмет көрсетілді. № 17 мектеп-лицейінде мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты «Вечерняя Астанаға» сілтеме жасап.  

Еске алу кешіне ардагерлер, тыл еңбеккерлері, Ауған соғысының ардагерлері, ардагерлердің балалары мен немерелері келді. Шақырылғандар арасында танымал қоғам қайраткері, «Вайнах» шешен-ингуш ұлттық-мәдени орталығының басшысы Салман ГЕРОЕВ болды.

Лицей директоры, мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаеваның сөзіне қарағанда мұндай кездесулер тек ардагер батырларға емес, кейінгі ұрпаққа қажет.

«Осыдан 74 жыл бұрын Ұлы Отан соғысының соңғы қаруы атылды, бірақ адамдардың жүрегіндегі жаралар емделер емес. Бүгін Ұлы Жеңістің салтанатты мерекесінде біз ойша сол қатал да, қиын кезге, ерлік күндеріне ораламыз»,  деді Рамзия Өмірбаева. – Соғыс дегеніміз не? Бұл өлім, судай аққан қан, ақылсыздық. Соғыс ән мен қуанышқа орын қалдырмайтындай көрінеді... Дегенмен, ән әрдайым жауынгерге күш, жігер берген, рухын көтеріп, артта қалған туыстарымен жүздесудің жылы сәтін жақындатқан, ал кейде шабуылға шығуға жігерлендірген», деді ол.

Мектеп оқушылары қонақтарға арнап соғыс жылдарындағы әндер мен өлеңдерді орындап мерекелік концерт қойды. Кештен кейін қонақтарға сыйлықтар ұсынылып, мерекелік түскі асқа шақырылды.

Депутат соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтап, олардың батырлығы мен батылдығы ұрпақтар есінде мәңгі қалатынын атап өтті.

«Мемлекет әрқашан Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне қамқорлық жасайды, барлық майдангерлерді құрметтейді, елге оралмаған майдангерлерді есте сақтайды. Үшінші мамырда мәслихаттың кезектен тыс сессиясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 519000 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім қабылданды», деді ол.

Есіл ауданында Ұлы Отан соғысының алты қатысушысы, 230 тыл еңбеккері, саяси қуғын-сүргін құрбаны болған 75 адам тұрады. Ардагерлердің ең үлкені Сейлбек Усин 98 жасқа толды, ал 9 мамырда соғысқа қатысушы Нұршида Ахметова 97 жасқа толады.

Есіл ауданы Ардагерлер кеңесінің жетекшісі Рысты Атығаеваның айтуынша, жыл бойы 150-ге жуық іс-шара жоспарланған, соның ішінде қайырымдылық іс-шаралар да бар. Ардагерлер кеңесі құрамында 105 ардагерлер ұйымы құрылды, ауданда аға ұрпақ үшін 12 шағын орталық жұмыс істейді, олардың төртеуі биылғы жылы ашылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109