3270

9 мамырда елордадағы Тәуелсіздік даңғылында қозғалыс ішінара шектеледі

«Жау жүрек полк – Бессмертный полк» шеруіне байланысты қаланың бірнеше көшесінде қозғалысшектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полиция департаментінің ақпараты бойынша, 9 мамыр күні Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі. Қоғамдық көліктің қозғалысын қоса алғанда, «Жау жүрек полк – Бессмертный полк» жаяу колоннасының жүріп өтуіне байланысты Тәуелсіздік даңғылындағы Нәжімеденов көшесіненПушкин көшесіне дейінгі учаскенің жолдары жабылады. Сонымен қатар, Тәуелсіздік даңғылына жапсарлас  Б.Момышұлы, Майлин, Шарль де Голь, Күйші Дина, Қажымұқан көшелерінде де қозғалыс шектеледі.

«Сондай-ақ, Аманжолов көшесі жағындағы Байтұрсынов көшесі және Б.Момышұлы, Тәуелсіздік даңғылы және Нәжімеденов көшесі бойымен қозғалыс шектеледі.

«Жабық учаскені айналып өтпес үшін елорда тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды және балама жол учаскелерін пайдалануды ұсынамыз»,  делінген ведомство хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109