696

Бақыт Сұлтанов ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

Қадірлі ардагерлер!

Құрметті қала тұрғындары және қонақтар!

Баршаңызды Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Биыл Ұлы Жеңіске 74 жыл. «Ешкім де, ештеңе де, ешқашан да ұмытылмайтыны» ақиқат. 

Сұрапыл соғыс жылдары бізден алыстаған сайын, оның маңызы биіктей түсуде. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанын пида еткен жауынгерлерімізді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету – біздің ең басты парызымыз. 

Елбасымыз өз сөзінде: «Ерлікке – мәңгі тағзым. Біз уақыт өткен сайын майдангерлердің, яғни Сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерліктеріңізді жиі еске алатын бола­мыз»,- деп ерекше атап өткен болатын. 

Өйткені, Ұлы Жеңіске – біздің батыр әкелеріміз бен аталарымыздың қаһармандық ерлігінің, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Бұл қастерлі Жеңіс күні – аға ұрпақтың өшпес ерлігімен, ерен еңбегінің мәңгілік символы!

Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақыт тілеймін! 

Мереке құтты болсын!    

Құрметпен,

Нұрсұлтан қаласының әкімі                     Бақыт Сұлтанов

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109