12070

Нұр-Сұлтан қаласында «Батырларға тағзым» шеруі өтті

Биыл шеруге 25 мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ұрыс даласында қаза тапқан және Отанына аман-есен оралған жауынгерлердің ұрпақтары туған-туысқандарының портреттерімен «Қазақ елі» монументі алаңына жиналды.

Шеру монумент алаңында басталып, Тәуелсіздік даңғылы бойындағы «Отан қорғаушылар» алаңына дейін жалғасты.

Іс-шараға тек қала тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көршілес өңірлердің тұрғындары да қатысты, соның ішінде Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Степногорск, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындарымен қатар, шет мемлекеттен келгендер де болды.

Шеруге қатысушылар «Отан қорғаушылар» монументіне еш кедергісіз гүл шоқтарын қоюы үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 15 топ құрылды.

ҰОС жылдары ерлік көрсеткен атасын еске алу үшін Дана Зейнулла отбасымен шеруге қатысты.

«Менің атам Жақсылық Шаханов Фин және Ұлы Отан соғысына қатысты. Тірі оралып, отбасылы болды. Кейін менің анам дүниеге келді. Одан біз тарадық... Атамызға жеңіс сыйлағаны үшін алғыс айтамыз!», – дейді Д. Зейнулла.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласындағы «Батырларға тағзым» үйлестіру кеңесінің басшысы Аида Баймақова жауынгерлердің ұрпақтарына шеруге қатысқандары үшін алғыс айтты.

«Отбасымен, кішкентай балаларымен келген көптеген адамдарды көріп, біздің азаматтарымыздың бірлігі мен ынтымағына кезекті мәрте көзіміз жетті. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың ұрпақтарының атынан қала әкімдігіне шеруді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс білдіргіміз келеді», – деді А. Баймақова.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109