1294

Астананың әр тұрғыны қаланың жүйелі мәселелерін шешуге бастамашы бола алады

Тұрғындар қаланың 11 жүйелі мәселесі бойынша ұсыныстар мен идеяларды ортаға салу мақсатында қалалық акселератордың жұмыс отырысына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық акселератор rapid Results Institute (RRI) әдіснамасына негізделген. RRI – 2007 жылдан бастап жұмыс істейтін сыни әлеуметтік проблемаларды шешу мен нәтижелерге қол жеткізудегі қолдау жөніндегі халықаралық ұйым. RRI БАӘ, АҚШ, Ұлыбритания, Ирак, Иордания, Непал, Кенияда жобаларын табысты жүзеге асыруда.

IKomek орталығының ақпараты бойынша, біздің еліміздегі алғашқы қалалық даму акселераторы жұмыс механизмдерін жасау мақсатында әкімдік қызметкерлерін, сыртқы сарапшыларды, белсенді азаматтарды тарта отырып, штабтар құруды және оларды қысылтаяң мерзімде қаланы дамытудың негізгі мәселелері бойынша апробациялауды көздейді. Жұмыс тобы жобаны идеядан бастап, жоспарланған нәтижеге дейін жүргізетін болады.

Жүйелі проблемалардың мониторингі үшін құралдардың бірі астана тұрғындарының IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына жүгінуі негізінде құрылған нақты уақыт режиміндегі қаланың жүйелі проблемаларының рейтинг тақтасы болып табылады. Бұл панель қаланың даму акселераторымен танысуға мүмкіндік беретін жүйелі мәселелер туралы ақпарат көздерінің бірі болып есептеледі.

Бүгінгі таңда қалада кең таралған проблемалардың қатарына ашық құдықтар, қаңғыбас жануарлар, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, су басу, қардан\мұздан тазарту, көшені жарықтандыру мәселелері жатады. 

Қалалық ақселераторды дамытудың екінші кезеңін маусым айында бастау жоспарланып отыр. Ол сондай-ақ қаланың басқа да жүйелі мәселелерін шешуге бағытталатын болады.

«Қалалық даму акселераторын құру тиімді шешімдерді әзірлеуге және қысқа уақыт ішінде жылдам нәтижелерге қол жеткізуге, сондай-ақ тұрғындардың қалалық проблемалар туралы өз ойларын ортаға салуға көмектеседі. Сондықтан қала билігі тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға, қалалық ақселератордың жұмыс отырыстарына қатысуға шақырады. Әрбір тұрғын жүйелі мәселелерді шешуге бастамашылық ете алады және жұмыс тобына енгізу туралы түйіндемелер жібере отырып, елорданың дамуына үлес қоса алады. Толық ақпаратты + 7 771 103 30 33 нөмірі арқылы білуге болады», – делінген iKomek орталығының хабарламасында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109