1044

Сары маса шаққанда асқынудың алдын алу үшін не істеу керек

Елордалық дәрігерлер сары маса шаққаннан болатын асқынулардың алдын алу шаралары жайлы айтып берді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, сары масаға қарсы себілетін дәрілік заттардан адамдардың аллергиясы қозатыны расталмаған. Ол препараттар талапқа сәйкес тіркеуден өтіп, оған сараптама жасалады.

ҚДСБ ақпараты бойынша, сары маса шаққан жер сулануы мүмкін. Сосын ол қотырға айналып, адамның құсқысы келеді. Адам анафилактикалық шок және есінен айрылуы мүмкін. Бұл  әдетте үлкен адамдарда болады. Ал балаларда сары маса шаққан жер қызарып, қатты қышуы мүмкін.

«Егер осы белгілер қайтпаса немесе одан ары үдеу түссе, дәрігерге қаралған жөн. Дәрігерге сары маса шаққанын, қандай дәрі-дәрмекке аллергиясы барын айтқан жөн», – деп мәлімдеді басқармада.

Дәрігерлер сары маса шаққанда не істеу керектігін айтты:

Сары маса шаққан жерді балалар жиі қасиды, қолының тазалығын қадалаған жөн. Жиі сабындап жудырып тұру керек.

Серуендеуге шыққанда баланы қымтап жабқан жөн, жеңі бар, ұзын балақты киім кигізген дұрыс.

Немесе сары масаға қарсы кремдер жаққан жөн. Оны да жағар алдында аллергия тудырмайтынын бақылау керек. Алдымен бір жерге ғана жағып көріңіз.

Сары масаның шағуына қарсы кремді қолданарда нұсқаулығымен танысып, қай жасқа арналғанын қараған абзал.

Репеллентті жарасы бар жерге кремді жақпаған жөн.

Репеллентті дәріханадан алыңыздар.

Аллергия күшейіп кетсе, өз бетіңізбен ем қолданбаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз.

ҚДСБ тұрақты энтомологиялық мониторинг жүргізеді. Байконыр, Сарыарқа, Есіл және Алматы аудандарының әкімшіліктері бірлесіп жыл сайын қалада және қала маңында дезинсекциондық жұмыстарды жүргізеді. Тұрғындар шыбын-шіркейді улау және қызмет көрсету мәселелері бойынша аудан әкімдіктеріне Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлауға болады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109