979

Тұншықтырғыш газ датчигі үш бала мен әйелдің газдан улануына жол бермеді

Бақыт Сұлтанов аудан әкімдеріне жылу беру маусымы басталғанға дейін әлеуметтік осал топтардың өкілдері тұратын жеке сектор үйлерінде газ талдағыштарды орнатуды тапсырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) аудан әкімдіктерімен бірлесіп, материалдық қиындықтарға тап болған қала тұрғындарының үйлерінде 1 мыңнан астам тұншықтырғыш газдың ену қаупін алдын алатын құрылғыны тегін орнатты.

Елордалық ТЖД басшысының міндетін атқарушы Марғұлан Аманбаевтың хабарлауынша, қаланың жеке секторына тағы 2,8 мың осындай датчиктер орнату қажет.

«Біз көпбалалы отбасылар мен зейнеткерлер тұратын үйлерде 1 062 (583 улы газ және 479 түтін) датчикті орнаттық. Ақмола көшесі, 30 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде орнатылған тұншықтырғыш газ датчигінің арқасында үш баласы бар әйел уланудан аман қалды», – деп хабарлады М.Аманбаев дүйсенбіде өткен әкімдіктің отырысында.

Жыл басынан ТЖД қызметкерлері 61 139 тұрғынды қамтитын 33 628 жеке секторды аралады.

Аманбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта қаланың ТЖД есебінде 129 сауда нысаны бар. Оның 25-і – базар, 95-і – сауда үйі, 9-ы – СОО. Өткен жылы ақпан мен маусым аралығында 123 нысан тексеріліп, 1 215 бұзушылық анықталды.

«Негізгі бұзушылықтарға өртке қарсы қорғаныс жүйесінің болмауы немесе оның ақаулығы, эвакуация жолдарының қойылған нормаларға сәйкес келмеуі, ғимараттар мен үй-жайларды жобалау құжаттамасынсыз қайта жоспарлау және көлемдік жоспарлау шешімдерінің өзгеруі жатады», – деді А.Аманбаев.

Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері мамырлық мерекелер кезінде эвакуациялық жолдардың жай-күйін анықтау үшін елорданың ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерін аралап шықты. Тексерістің қорытындылары бойынша олардың жағдайы тиісті деңгейде деп бағаланды.

Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов сауда нысандары мен ойын-сауық кешендерін тексеру жұмыстарын жалғастыруды және олардың 100% қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, астаналық аудандардың әкімдері халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері тұратын жеке сектордағы үйлерде тұншықтырғыш газ датчиктерін орнату барысы туралы есеп берді. Сарыарқа ауданында тұратын осы санаттағы азаматтар газ талдағышпен толық қамтамасыз етілген. Қалған аудандарда кестеден қалыс қалу байқалады. Мысалы, Есіл ауданында мұндай датчиктер орнатылуы тиіс 225 үйдің (100-ден қалыс қалу) тек 50-де газ датчиктері бар. Алматы ауданында 500 үйде, Байқоңыр ауданында 1 мың үйде газ датчиктері әлі де орнатылмаған.

Осыған байланысты Бақыт Сұлтанов аудан әкімдеріне жылу беру маусымы басталғанға дейін көмекке мұқтаж үйлерде газ талдағыштар орнатуды тапсырды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109