2968

Елордада қалалық шеберлік жоспары әзірленуде

Урбанистика орталығы «Нұр-Сұлтан қаласының шеберлік жоспарын 2030» әзірлемек. Құжатты іске асыру қалада өмір сүру деңгейін неғұрлым ыңғайлы ете түседі, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Егер бұрын қаладағы негізгі құжат бас жоспар болса, бүгін біз жаңа форматты қолға алдық. Бұл – «Нұр-Сұлтан қаласының шеберлік жоспары 2030». Ол қазіргі таңда әзірлену үстінде және 2020 жылы қабылданады. Егер сіз трендтерді байқасаңыз, көпір санын арттыру қажет. Өзені қаланың ортасы арқылы өтетін өңірлерді назарға алар болсақ, онда жаяу жүргіншілер мен автомобиль жолдарынан көпірлер саны әлдеқайда көп. Көшелер жаяу жүргіншілер үшін қолайлы болуы керек. Бұл ретте шағын және орта бизнеске артылар жүк ауыр», – деді «Нұр-Сұлтан жайлы қала: өмір сапасын бағалау қорытындысы» атты дөңгелек үстелде Урбанистика орталығының басшысы Асхат Садуов.

Ол «Жастар» шағын ауданында пилоттық режимде өзгерістер басталатынын хабарлады.

«Біз адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатынын назарда ұстаймыз. Бұл ауданда не өзгереді? Біріншіден, абаттандыру, сондай-ақ жаяу жүргіншілер көшелерін қосқымыз келеді. Экономикалық құрамдас бөлікті жақсарту үшін бизнеспен жұмыс істеуіміз керек», – деді ол.

Сондай-ақ, алдағы уақытта қаланың сол жақ жағалауын ыңғайлы ету жоспарланып отыр.

«Елорданың сол жақ жағалауы жеңіл көлік жүргізушілеріне ыңғайлы. Жаяу жүргіншілер үшін өте қиын, тротуарлар мен үлкен қашықтықтар жоқ. Егер оң және сол жағалауды салыстырар болсақ, сол жақ жағалаудың орамдары оң жағалауға қарағанда 1,5 есе көп, тиісінше адам ауқымы бұзылған. Жаяу жүргіншілерге қолжетімді болу үшін орамдар орта есеппен 100 метр болуы тиіс. Біз сондай-ақ, қоғамдық көлікті дамытып, тұрақ саясатын күшейтуді ұсынамыз», – деп түйіндеді Асхат Садуов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109