3194

Қаланың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Елорда әкімінің өкімімен Нұрлан Уранхаев сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдікте өткен отырыс барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов басқарманың жаңа басшысын таныстырды.

Бақтыбай Тайталиев жаңа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылды.

Уранхаев Нұрлан Тельманұлы 1965 жылдың 4 мамырында туған.

Білімі – жоғары. «Инженер-механик», «экономист-менеджер», «инженер-құрылысшысы» мамандығы бойынша білім алған.  

Еңбек жолын 1987 жылы слесар-монтажшы болып бастады. Бұдан кейінгі жылдарда ол Семей қаласының «Казпромтехмонтаж» трестінің прорабомында мастер болып жұмыс істеді.

1995 жылдан 1997 жылға дейін – Семей қаласындағы «Сары-Арқа» АӨК басқарды.

2001 жылдан 2003 жылға дейін – «Казиркутсклес» АОЗТ бас директоры, Иркутск облысы.

2003 жылдан 2005 жылға дейін – Шығыс Қазақстан облысының энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс және көлік барқармасының басшысы.

2005 - 2006 жылдары – Шығыс-Қазақстан облысы күрделі құрылыс басқармасының бастығы.

2006 - 2007 жылдары – Қазақстан облысының әкімінің орынбасары.

2007 жылы – Астана қаласының ТЖМ мемлекеттік материалдық резерві комитетінің төрағасы.

2008 жылы – ҚР Президентінің әкімшілік инспекторы, Астана қаласы.

2009 - 2010 жылдары – «Ертіс» ӘКК-нің барқарма басшысының орынбасары, Семей қаласы.

2010 - 2013 жылдары – Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жылдары – Семей қаласы гуманитарлық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 жылы – Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары.

2015-2017 жылдары – Ұлттық экономика министрлігінің ««ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ бас директоры.

2017 -2018 жылдары – Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2018 жылы – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті «ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ-ның бас директорының кеңесшісі.

«Парасат» және «Құрмет» ордендерімен марапатталған.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109