2282

Елордада Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы тағайындалды

Нұр-Сұлтан қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Құлмұханбет Исаков тағайындалды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Әкімдікте өткен отырыс барысында елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысын таныстырды.

Бақыт Сұлтанов Департаменттің алдында қала бюджетіне түсетін салықтық түсімдердің, кедендік және басқа да міндетті төлемдердің уақытылы әрі толық түсуін, қосымша салықтық түсімдер резервін қарастыра отырып, ай сайын салық түсімдері жоспарының 100% орындалуын қамтамасыз ету сияқты маңызды міндеттердің тұрғанын алға тартты.

«Сіздің басты міндетіңіз – тиімді салықтық және кедендік басқару мен реттеуді жүзеге асыру. Елорда басқа өңірлерге үлгі болуы керек»,  – деді әкім.

Ол көлеңкелі экономикамен күресте бірқатар нақты тапсырма берді.

«Көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүйелі жұмысты жолға қою қажет. Атап айтқанда, құқыққорғау органдарымен өзара іс-қимыл орнату, департаменттің барлық қызметтерін цифрландыру, шетелдік тәжірибені зерттеп, салық төлеушілердің адалдық принципін насихаттау керек», – деді қала әкімі.

Исаков Құлмұханбет Мырзахметұлы 1969 жылы туған.

Білімі – жоғары. Алматы халық шаруашылығы институты және Қырғыз ұлттық мемлекеттік университетін  «қаржы және несие» және «Заңгер» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы Жамбыл облысындағы «Бурненский» совхозында жұмысшы болып бастады.

1992 жылы – Алматы қаласы бойынша салық инспекциясының салық инспекторы.

1996 жылдан 2003 жылға дейін – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы, аға салық инспекторы, сектор меңгерушісі, жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы.

2003 жылдан 2008 жылға дейін – Алматы қаласы бойынша Салық комитеті аудит басқармасының жеке тұлғалар аудиті бөлімінің бастығы, акциздер басқармасының бастығы.

2008 жылдан 2009 жылға дейін – Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасының басшысы.

2009 жылы – Қарағанды облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары.

2009 жылдан 2010 жылға дейін – Алматы облысы Талдықорған қаласы бойынша салық басқармасының басшысы.

2010 жылдан 2012 жылға дейін – Алматы облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша салық басқармасының басшысы.

2014 жылы – Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасының басшысы.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары.

2014 жылдан 2015 жылға дейін – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары.

2015 жылы – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

«Салық қызметінің үздігі», «Қаржы қызметінің үздігі» сынды атақтары бар.

                                                     

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109