3617

Бас қалада жел есебінен электр қуатын өндіру мүмкіндігі қарастырылады

Әкім жаңартылатын энергия көздерін неғұрлым кең және тиімді пайдалану қажеттілігіне баса назар аударды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен қала әкімдігінде кезекті отырыс өтті, онда қала тіршілігінің өзекті мәселелері талқыланды.

Отырыс барысында топтық резервуарлық қондырғылардың жұмысы, қаланың  20-жылдығына салынған муниципалды меншік объектілерін муниципалды меншікке қабылдау, сондай-ақ, бас қаланы көгалдандыру мәселелері қаралды.

Қазақстанның жасыл экономикаға көшуін іске асыру, жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов айтып берді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар құрылыста жаңартылатын энергия көздерін белсенді түрде қолдана бастады.

«Жаңартылатын энергия көздері қаладағы 23 нысанда орналасқан. Бүгінгі таңда олар қала бойынша жалпы 700-ден астам киловатт/сағат энергия беруде. Бұл электр энергиясына арналған шығынды жылына 20 миллион астам теңгеге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Ұлы дала және Тұрар Рысқұлов көшелері, бірнеше саябақ пен гүл бағы, сорғы станциялары, автобус аялдамалары, экожатақтар және гаджеттерді қуаттау орындары жаңартылатын энергия көздеріне ауыстырылды», – деп атап өтті Е. Төлеуов.

Бақыт Сұлтанов Қазақстанда энергияның баламалы көздерін қолданудың жақсы нәтижелері бар екендігін тілге тиек етті. Ол аталмыш мәселе бойынша зерттеу жүргізіп тиісті ұсыныстар енгізуді тапсырды.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109