1190

Елордада Халықаралық ComicCon фестиваль-көрмесі өтеді

Бұл шығармашылық форумға 70 мыңға жуық адамның келуі күтілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық ComicCon фестиваль-көрмесі бас қалада 31 мамыр мен 2 маусым аралығында өтеді.

Іс-шара балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылмақ. Фестиваль ұйымдастырушысы – қала әкімдігі. Бұл форумға қазақстандықтар мен алыс-жақын шетелдерден келетін қонақтарды қоса алғанда шамамен 70 мың адам куә болады деп жоспарлануда.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, Қазақстанда және Орталық Азияда өтетін алғашқы ComicCon фестиваліне ресейлік танымал кино және комикс-блогерлер Денис Оптимисстер мен Вера Кисимяка қатысады.

Сондай-ақ, фестивальге Turner (CartoonNetwork), НВО (HomeBoxOfficeInt., WarnerBros. Entertainment), Nickelodeon және SonyPicturesEntertainment ойындарымен қатысатындығын Disney, Marvel, Wargaming WorldofTanks сияқты әлемдік брендтер растады.

Фестиваль бағдарламасында арнайы көрсетілімдер, косплейлер, халықаралық студиялар мен компаниялардың жаңа өнімдерін ресми таныстыруы өтеді. Сондай-ақ, супер қаһармандардың костюмдерін киіп көруге және сүйікті әртістерімен фотоға түсуге болады. 

Билеттерді жобаның ресми www.comicconastana.com. сайтынан сондай-ақ, zakazbiletov.kz сервисінің көмегімен және сайтта көрсетілген сату орындарынан алуға болады.

Өтетін орны – EXPO конгресс-орталығы , Нұр-Сұлтан қаласы

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109