2860

Елордалық өрт сөндірушілер жазғы маусымның қиындықтарына дайын

Жыл басынан қураған ағаш пен шөптің 55 жану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жазғы кезеңнің басталуымен Төтенше жағдайлар департаменті өрттің алдын-алу бойынша жұмыстарын жүргізеді.

«Біз тұрғындарға дала мен орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы хабардар етеміз, өрт қауіпсіздігі ережелерін саяжай учаскелерінің иелеріне түсіндіреміз. Жазғы кезеңнің басталуымен тұрғындар қураған ағаш, шөпті тазалап, содан кейін оны өртеп жіберуі керек. Жел күні немесе өрттің басқа қауіп-қатерлерінде бұл жұмыстарды жүргізуге қатаң тыйым салынады», дейді Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдерді төмендету, апаттар және бақылау департаментінің басшысы Орал Әбдірахманов.

Бұдан басқа, өрттің алдын-алу мақсатында от жаққан ошақтарды қараусыз қалдырмау, тұрмыстық техниканы қосылған күйі қалдырмау, балаларға өртпен ойнауға қатаң тыйым салу және қауіпсіздік үшін оңтайлы жерде судың жеткілікті қорын дайындап қою керек.

«Өткен жылы тікелей күн сәулесінен өрттенген жағдайлар болды. Бұл «линза эффектісі» деп аталады. Сондықтан, шыны ыдысты күнде қалдырудың қажеті жоқ, бос шөлмектерді қоқысқа тастаңыз және оларды берілген кеңістікте қатаң түрде жинаңыз. Өткен жылы қураған ағаш пен шөптің жануы бойынша 33 оқиға тіркелді. Жыл басынан бұл көрсеткіш 55-ке жетті, яғни өсу байқалады. Бірақ бұл ыстық ауа райының қолайсыздығымен түсіндіріледі», - деді О.Әбдірахманов.

Дала, орман және парктер аумақтарына келсек, тиісті сервистік ұйымдар бар. Мысалы, уәкілетті органнан басқа «Астана-Орманы» ұйымы 14 мың гектардан асатын елорданың жасыл белдеуін өрттен қорғайды. Олардың жұмысы профилактикалық жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

Қаланың орманды дала аймағы алты секторға бөлінген, олардың әрқайсысына арнайы «Астана-Орман» өрт сөндіру бригадалары қызмет етеді. Орманда бақылау мұнаралары бар, онда орманшылар жаз мезгілінің басынан бастап тәулік бойы жұмыс күзетте тұрады.

Сонымен қатар, елорданың көп қабатты ғимараттарында елорданың бүкіл периметрін бақылайтын 8 бейнекамера орнатылған.

«Елорданың өрт қауіпсіздігін 11 өрт бөлімшесі жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Шанхай базарындаа өрт сөндіру бекеті салынып жатыр. Сонымен қатар, «Көктал» тұрғын алабында, жаңа теміржол вокзалында және «Үркер» тұрғын алабында тағы үш өрт сөндіру бекетін жобалау бойынша конкурстық рәсімдер өткізілді. Олар іске қосылған соң біз астана аумағын стандарттарға сәйкес толығымен жабамыз», – деді Әбдірахманов.

Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция басқармасы арасында өрт орын ала қалған жағдайда өрт сөндіру бригадаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету туралы келісім бар.

«Барлық көлік авариялық-құтқару машиналарына жол беруі тиіс. Сонымен қатар, «жасыл толқын» функциясы бар, бізге өрт туралы дабыл келгенде, біз полицияға хабарласып, баратын бағытымызды айтамыз. Содан кейін олар сол бағыттағы барлық жолда бағдаршамның жасыл түсін жағып отырады», – деді Әбдірахманов.

                                                                                                                                                                           

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109